Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 538 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 5886 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (сүректі түбірімен босату үшін ставкаларды қоспағанда) бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) және облыс әкімінің орынбасарына (С.Ж. Шайдаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. БРАМОНТОВА
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы экология,
      геология және табиғи ресурстар
      министрлігі Орман шаруашылығы
      және жануарлар дүниесі комитетінің
      Қарағанды облыстық орман
      шаруашылығы және жануарлар
      дүниесі аумақтық инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік мекемесі
      басшысымен
      _____________________А. Ким

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 538
Шешімге 1 қосымша

Шайыр мен сүрек сөлдерін дайындау үшін төлемақы ставкалары

Орман пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

1

Ұзақ мерзімді орман пайдалуға берілген, әр бір орман гектарының аумағы бойынша

1) Шайыр

гектар

4 574

2) Сүрек сөлі

гектар

2 287

2

Дайындалған шайыр мен сүрек сөлінің әрбір центнері үшін

1) Шайыр

центнер

18 950

2) Сүрек сөлі

центнер

2 200

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 538
Шешімге 2 қосымша

Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары

Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары

Қабықтар тонна үшін (айлық есептік көрсеткіш)

Бұтақтар тонна үшін (айлық есептік көрсеткіш)

Томарлар тонна үшін (айлық есептік көрсеткіш)

Тамырлар тонна үшін (айлық есептік көрсеткіш)

Жапырақтар тонна үшін (айлық есептік көрсеткіш)

Бүрлер килограмм үшін (айлық есептік көрсеткіш)

1

Қарағай

0,021

0,042

0,011

0,063

0,032

0,021

2

Шренке шыршасы

0,027

0,054

0,014

0,081

0,041

0,027

3

Сібір шыршасы, майқарағай

0,016

0,032

0,008

0,048

0,024

0,016

4

Балқарағай

0,015

0,03

0,008

0,045

0,023

0,015

5

Самырсын

0,023

0,046

0,012

0,069

0,035

0,023

6

Ағаш тектес арша

0,027

0,054

0,014

0,081

0,041

0,027

7

Емен, шаған

0,041

0,082

0,021

0,123

0,062

0,041

8

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,014

0,028

0,007

0,042

0,021

0,014

9

Сексеуіл

0,06

0,12

0,03

0,18

0,09

0,06

10

Қайың

0,016

0,032

0,008

0,048

0,024

0,016

11

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,011

0,022

0,006

0,033

0,017

0,011

12

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ

0,035

0,07

0,018

0,105

0,053

0,035

13

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

0,023

0,046

0,012

0,069

0,035

0,023

14

Ағаш тектес арша, самырсын

0,018

0,036

0,009

0,054

0,027

0,018

15

Жыңғыл

0,025

0,05

0,013

0,075

0,038

0,025

16

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар

0,012

0,024

0,006

0,036

0,018

0,012

      Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

      10 км-ге дейін - 1,30;

      10,1 - 25 км - 1,20;

      25,1 - 40 км - 1,00;

      40,1 - 60 км - 0,75;

      60,1 - 80 км - 0,55;

      80,1 - 100 км - 0,40;

      100 км-дан астам - 0,30;

      Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

      жазық бедер - 1,1;

      жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

      таулы бедер - 1,5;

      2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;

      3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;

      4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 538
Шешімге 3 қосымша

Жанама орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Орманды жанама пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

1

Жемістер:


1) шекілдеуік

килограмм

700


2) сүйекті

килограмм

400

2

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат:


1) шөптер

килограмм

330


2) гүлдер

килограмм

360


3) жапырақтар

килограмм

330


4) сабақтар және өскіндер

килограмм

450


5) бүршіктер

килограмм

600


6) жемістер және жидектер

килограмм

480


7) тамырлар

килограмм

400

3

Саңырауқұлақтар

килограмм

800

4

Жидектер

килограмм

1 330

5

Қыналар

килограмм

2 099

6

Орман төсеніштері мен жерге түскен жапырақтар

килограмм

100

7

Қамыс

килограмм

710

8

Ара балұясын және омартаны орналастыру

балұя

1 503

9

Шабындық алқаптар*:


1) жақсы

гектар

1 804


2) қанағаттанарлық

гектар

1 353


3) нашар

гектар

1 052

10

Жайылым алқап

гектар

1 052

11

Ауыл шаруашылық малдарды жаю (осы кестедегі 12 және 13 тармақтарын қоспағанда)

бас

3 156**
7 364***

12

Ірі мал жайылымы:

1) түйе

бас

3 156

2) ірі мүйізді мал

бас

2 525

3) жылқы

бас

2 525

13

Ұсақ мал жайылымы:

1) ірі малдың төлі

бас

1 262

2) есек

бас

1 262

3) ешкі

бас

2 209

4) қой

бас

631

14

Аң өсіру мен марал өсіру

гектар

3 668

15

Көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін

гектар

Қазақстан Республикасы Салық кодексімен анықталған жер салығы деңгейінде

      Ескертпе:

      * - шөп шабудың өнімділігінің сапасы Орман орналастыру жобасының таксациялық сипаттамасы бойынша анықталады;

      ** - дала табиғи аймағы - орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қарағанды, Қу шаруашылықтары коммуналдық мемлекеттік мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

      *** - шөлді табиғи аймақ - орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау шаруашылықтары коммуналдық мемлекеттік мекемелері.

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 538
Шешімге 4 қосымша

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорының телімдерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Орман пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, теңге

Ұзақ мерзімге пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

гектар

752

2

Мемлекеттік орман қоры телімдерін тарихи-мәдени, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

гектар

3 668

Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін)

Айлық есептік көрсеткіштегі төлемақы ставкасы

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

әр адамнан әр күн сайын

0,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады