Жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 57/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 маусымда № 5873 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардын өтініштерін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданының аумағында пайдалы кен қазбаларын барлау үшін, жер және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауымен 6 (алты) жыл пайдалану мерзімімен келесі жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) "Quarry troph" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Түгіскен ауылдық округінің аумағынан жалпы көлемі – 224,69820 гектар жер учаскеcіне;

      2) "КМС Karaqanda" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Түгіскен ауылдық округінің аумағынан жалпы көлемі – 899,4288 гектар, Қараағаш ауылдық округінің аумағынан жалпы көлемі – 41,6979 жер учаскелеріне;

      3) "MININGMINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтүбек, Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округының аумағынан жалпы көлемі -1602,5 гектар жер учаскелеріне;

      4) "MININGMETALL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қараағаш, Байдалы би ауылдық округының аумағынан жалпы көлемі - 3848,9 гектар жер учаскелеріне.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 08.09.2020 № 91/01 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлеуовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады