Түпқараған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 4130 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түпқараған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Кенжалиев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі А. Косуаков

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 3 ақпандағы
  № 15 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №295 "Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2549 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №56 "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2696 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №100 "Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2728 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №108 "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2738 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №109 "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2741 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №111 "Түпқараған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2740 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      7. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №227 "Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №100 "Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2848 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      8. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №289 "Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2970 болып тіркелген, 2016 жылы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      9. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №1 "Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2976 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      10. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №61 "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3034 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      11. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №62 "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3035 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      12. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №64 "Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3017 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады