Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Сұңғат) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 27 қарашасы | |
№ 299-қ қаулысына қосымша |
Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 28.11.2022 № 288-қ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі ) қаулысы.
№ | Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Маңғыстау ауылы | |
1.1 | № 1, 1а, 1б, 1в, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 орамдары, Есмәмбет, Шапағат, Оңғарбекұлы көшелері | 2 |
1.2 | Ақеспе, Бозжыра, Шерқала тұрғын үй алаптары | 1,85 |
1.3 | Айрақты тұрғын үй алабы | 1,95 |
1.4 | Бесшоқы тұрғын үй алабы | 1,95 |
2 | Баянды ауылы | 1,8 |
2.1 | Емір елді мекені | 1,2 |
3 | Қызылтөбе ауылдық округі | 2,1 |
4 | Атамекен ауылдық округі | 2 |
5 | Басқұдық ауылдық округі | 1,9 |
6 | Дәулет ауылдық округі | 1,7 |
7 | Батыр ауылдық округі | 1,6 |