Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 "Карантинді белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 331 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 9468 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 01-08/2120 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Карантинді белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысына (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "

4

Арқалық қаласы

Родина ауылдық округінің Родина ауылы

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады