Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы "Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінде орналасқан "Бауыржан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-17/1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 1-17/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 6830 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 2-19/87 ұсынысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінде орналасқан "Бауыржан" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы "Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінде орналасқан "Бауыржан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-17/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі А. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады