Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 309 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 қарашада № 6647 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, "Карантинді алып тастау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 01-04/1067, 2020 жылғы 29 қазандағы № 01-04/1077, 2020 жылғы 2 қарашадағы № 01-04/1094 ұсынымдары негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты мына елді мекендерде карантин тоқтатылсын:

      Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің Ағынтай Батыр ауылы;

      Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Егіндіағаш ауылы;

      Айыртау ауданы Антонов ауылдық округінің Жұмысшы ауылы;

      Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Қарақамыс ауылы;

      Айыртау ауданы Антонов ауылдық округінің Лавровка ауылы;

      Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Қазан ауылы;

      Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округінің Аралағаш ауылы;

      Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округінің Тоқшын ауылы;

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Рузаев ауылдық округінің Чернобаевка ауылы;

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Шұқыркөл ауылдық округінің Шұқыркөл ауылы;

      Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің Бұлақ ауылы;

      Есіл ауданы Заградов ауылдық округінің Горное ауылы;

      Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің Қарағаш ауылы;

      Есіл ауданы Покров ауылдық округінің Мальцев ауылы;

      Есіл ауданы Тораңғұл ауылдық округінің Тораңғұл ауылы;

      Жамбыл ауданы Қазан ауылдық округінің Екатериновка ауылы;

      Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің Новорыбинка ауылы;

      Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылы;

      Қызылжар ауданы Бугров ауылдық округінің Бугровое ауылы;

      Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің Красный Яр ауылы;

      Қызылжар ауданы Налобин ауылдық округінің Налобин ауылы;

      Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Ольшанка ауылы;

      Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Якорь ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Куломзин ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Чистов ауылдық округінің Чистовское ауылы;

      Мамлют ауданының Мамлютка қаласы;

      Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Новомихайловка ауылы;

      Тимирязев ауданы Ақжан ауылдық округінің Ақжан ауылы;

      Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің Белоградовка ауылы;

      Тимирязев ауданы Дзержинск ауылдық округінің Дзержинское ауылы;

      Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің Тимирязев ауылы;

      Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) қосымшасының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 23, 25, 26, 28, 29, 30, 31, 34, 35, 36, 43, 45, 46, 47, 49-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады