Карантин белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қыркүйекте № 6539 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, "Карантинді белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-04/793 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендерде осы қаулының қосымшасына сәйкес карантин белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйегі № 246 қаулысына
  қосымшасы

Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты карантин белгіленген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.10.2020 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

1

Айыртау ауданы

Арықбалық ауылдық округінің Ағынтай Батыр ауылы;
Сырымбет ауылдық округінің Егіндіағаш ауылы;
Антонов ауылдық округінің Жұмысшы ауылы;
Сырымбет ауылдық округінің Қарақамыс ауылы;
Антонов ауылдық округінің Лавровка ауылы

2

Ақжар ауданы

Талшық ауылдық округінің Қазан ауылы

3

Аққайын ауданы

Аралағаш ауылдық округінің Аралағаш ауылы;
Тоқшын ауылдық округінің Тоқшын ауылы

4

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Шөптыкөл ауылдық округінің Разгульное ауылы;
Рузаев ауылдық округінің Чернобаев ауылы;
Шұқыркөл ауылдық округінің Шұқыркөл ауылы

5

Есіл ауданы

Бұлақ ауылдық округінің Бұлақ ауылы;
Заречный ауылдық округінің Қарағаш ауылы;
Покровский ауылдық округінің Мальцев ауылы;
Тораңғұл ауылдық округінің Тораңғұл ауылы

6

Жамбыл ауданы

Казанка ауылдық округінің Екатериновка ауылы;
Кладбинка ауылдық округінің Новорыбинка ауылы

7

Қызылжар ауданы

Архангельск ауылдық округінің Архангельск ауылы;
Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылы;
Бугровской ауылдық округінің Бугровое ауылы;
Лесной ауылдық округінің Глубокое ауылы;
Вагулин ауылдық округінің Красный Яр ауылы;
Налобин ауылдық округінің Налобин ауылы;
Лесной ауылдық округінің Преснов ауылы;
Якорь ауылдық округінің Якорь ауылы

8

Мағжан Жұмабаев ауданы

Булаев қаласы;
Қарақоға ауылдық округінің Қарақоға ауылы;
Конюхов ауылдық округінің Куломзин ауылы;
Лебяжинский ауылдық округінің Лебяжье ауылы;
Чистов ауылдық округінің Чистов ауылы

9

Мамлют ауданы

Мамлют қаласы;
Новомихайлов ауылдық округінің Новомихайлов ауылы

10

Тайынша ауданы

Тихоокеан ауылдық округінің Алабота ауылы;
Киров ауылдық округінің Ильич ауылы;
Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы

11

Тимирязев ауданы

Ақжан ауылдық округінің Ақжан ауылы;
Тимирязев ауылдық округінің Белоградов ауылы;
Дзержинский ауылдық округінің Дзержинский ауылы;
Тимирязев ауылдық округінің Тимирязев ауылы

12

Шал ақын ауданы

Сергеевка қаласы;
Сухорабов ауылдық округінің Сухорабов ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады