Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 10 ақпандағы № 78 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 11 ақпанда № 5418 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 мамырдағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 20.05.2020 № 187 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалына Батыс су жинаушы коллекторы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "10" ақпандағы
№ 78 қаулысына қосымша

Батыс су жинаушы коллекторы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Жер учаскесінің орналасқан жері

қауымдық сервитут тың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

оның ішінде



егістік

оның ішінде

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

Өзге жерлер

Орман қоры жері

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Байырқұм ауылдық округі

50,97

30,09

-

-

-

-

30,09

1,01

19,87


Барлығы

50,97

30,09

-

-

-

-

30,09

1,01

19,87


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады