Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Шапағат көшесі № 24/1 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті әкiмiнiң 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 34 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 5386 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін уақытша атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 02-03/5 санды ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Т.Кемеловтың иелігіндегі иттің (4 айлық күшік) ми сынамасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде құтыру ауруына "оң нәтиже" анықталғанына байланысты Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Шапағат көшесі № 24/1 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Мақтаарал ауданының "Мырзакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мырзакент кенті әкімі М. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады