Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, У.Досалиев көшесінде және У.Досалиев көшесіндегі № 40/А үйдің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 62 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 мамырда № 5623 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімінің 05.08.2020 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлееттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының шығуына байланысты Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, У.Досалиев көшесінде және У.Досалиев көшесіндегі № 40/А үйдің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Мусралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады