Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квоталар белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Жетiсай ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 15 мамырдағы № 277 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 15 мамырда № 5618 болып тiркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Жетісай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 197 "Жетісай ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4919 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурыздағы "Жаңа Жетісай" газетінде және 2019 жылғы 12 наурыздаҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Маханбетовке жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Бейсенбаев

  Жетісай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 277 қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Жетісай ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 14.05.2021 № 418 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

2

2

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асық ата" Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1070

1

10

3.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1311

1

13

4.

Жетісай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

164

2

3


Барлығы

2676


28

 
  Жетісай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 277 қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Жетісай ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 14.05.2021 № 418 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

2

2

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асық ата" Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1070

1

10

3.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1311

1

13

4.

Жетісай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

164

2

3


Барлығы

2676


28

 
  Жетісай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 277 қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Жетісай ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 14.05.2021 № 418 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

2

2

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асық ата" Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1070

1

10

3.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1311

1

13

4.

Жетісай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

164

2

3


Барлығы

2676


28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады