Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 16 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 10 ақпанда № 5412 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқұм ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Первомайское елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Алаш атауы;

      2) Первомайское елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге -Түркістан атауы;

      3) Қызылту елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Едіге атауы;

      4) Қызылқұм елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Күлтегін атауы;

      2. "Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқұм ауылдық округі әкімі Н. Койлыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады