Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 20 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 тамызда № 6334 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және 2020 жылғы 21 шілдедегі Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының №06-16/1761 хаттамасына сәйкес, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Неусыпов көшесі бойындағы өзі ағынды кәріздік коллектордағы апатқа және қала тұрғындарына ауыз су жетпеу мәселесіне байланысты Орал қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәй тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы (Ж.Дуйсенгалиев) зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.

      4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады