Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Макаров ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 маусымда № 6288 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 1-28-241 ұсынысы негізінде, Макаров ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің Макаров ауылының аумағында мүйізді ірі қара мал арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Макаров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Абилкакимов) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім м.а. Т. Кужагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады