Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 123 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қазанда № 6436 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 72 "Қаратөбе ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5217 тіркелген, 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы Р. Имангалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Қаратөбе ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_________________А.Н.Тажкенов
" " ____________2020 ж.

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 21 қазандағы № 123
қаулысымен бекітілген

Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуы

Аймаққа бөлу коэффициенттері

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе ауылдық округі

1

Қаратөбе ауылы

2,27

2

Соналы ауылы

1,7

3

Үшағаш ауылы

1,8

4

Шөптікөл ауылы

1,97

Аққозы ауылдық округі

5

Қоржын ауылы

1,72

6

Аққозы ауылы

1

7

Бесоба ауылы

1,45

8

Қосбаз ауылы

1

Егіндікөл ауылдық округі

9

Егіндікөл ауылы

1,72

Жусандой ауылдық округі

10

Жусандой ауылы

1,72

11

Ханкөл ауылы

1,5

Қаракөл ауылдық округі

12

Ақтай-сай ауылы

1,82

13

Алакөл ауылы

1,45

14

Қоскөл ауылы

1,0

Қоскөл ауылдық округі

15

Қоскөл ауылы

1,82

16

Шалғын ауылы

1,45

Саралжын ауылдық округі

17

Қарақамыс ауылы

1,92

18

Сәуле ауылы

1,45

Сулыкөл ауылдық округі

19

Сулыкөл ауылы

1,72

20

Темірбек ауылы

1,0

21

Төлен ауылы

1,45

22

Үшана ауылы

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады