Қаратөбе ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 72 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 5217 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 21.10.2020 № 123 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 55 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13285 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (Н.Тоғызбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Асантаев

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 28 мамырдағы
№ 72 қаулысына қосымша

Қаратөбе ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

1. Қаратөбе ауданы

Қаратөбе ауылдық округі

1

Қаратөбе ауылы

2,27

2

Соналы ауылы

1,7

3

Үшағаш ауылы

1,8

4

Шөптікөл ауылы

1,97

Аққозы ауылдық округі

5

Қоржын ауылы

1,72

6

Аққозы ауылы

1

7

Бесоба ауылы

1

8

Қосбаз ауылы

1,5

Егіндікөл ауылдық округі

9

Егіндікөл ауылы

1,72

Жусандой ауылдық округі

10

Жусандой ауылы

1,72

11

Ханкөл ауылы

1,5

Қаракөл ауылдық округі

12

Ақтай-сай ауылы

1,82

13

Алакөл ауылы

1,45

14

Қоскөл ауылы

1,0

Қоскөл ауылдық округі

15

Қоскөл ауылы

1,82

16

Шалғын ауылы

1,45

Саралжын ауылдық округі

17

Қарақамыс ауылы

1,92

18

Сәуле ауылы

1,45

Сулыкөл ауылдық округі

19

Сулыкөл ауылы

1,72

20

Темірбек ауылы

1,0

21

Төлен ауылы

1,45

22

Үшана ауылы

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады