Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қазанда № 24971 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 384-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 28 қазандағы
  № 431 бұйрығына
1-қосымша

Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысаны

      Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің осы нысаны Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 384-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес әзірленеді.

      Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық іс объектілердің операторларымен ұсынылатын ілеспе құжаттарды қамтиды:

№ р/с Құжат Ескертпелер

1

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының қалдықтарды жинап қоюға және жоюға арналған жер учаскесін бөлу туралы шешімі

Шешімнің көшірмесі (қоса беріліп отыр)

2

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өз құзыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы куәландырған жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты беру туралы анықтама

Анықтаманың және құқық белгілейтін құжатының көшірмелері (қоса беріледі)

3

қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі

Техникалық-экономикалық негіздеменің көшірмесі (қоса беріліп отыр)

4

қалдықтарды орналастыру объектілерін құру жобасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы

Оң қорытындының көшірмесі (қоса беріледі)

 
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 28 қазандағы
№ 431 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14105 болып тіркелген);

      2. "Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 227 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17130 болып тіркелген);

      3. "Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 209 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18815 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады