Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 2/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 8365 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 28.12.2023 № 8С-13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7072 тіркелген, 2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 9 мамыр – Жеңiс күнi;

      2) 1 қазан – Қарттар күні;

      3) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні".";

      2 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      еңбек ардагерлері;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;

      ең төмен зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлер;

      барлық топтағы мүгедектер;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру);

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балалар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтар (отбасылар);

      аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі нысанда оқитын студенттер;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар.";

      11 тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) облыстың жергілікті атқарушы органы келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерінде:

      Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      eңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлерге;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      барлық топтағы мүгедектерге;";

      2) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) орташа жан басына шаққандағы табысын ескерместен жылына бір рет:

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей өтініш берген кезде - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге санаторлы-курорттық емделуге – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      3) тармақшадағы сегізінші азат жол алынып тасталсын;

      4) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4) уәкілетті ұйымның тізімінің негізінде өтініш бермей:

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға қалалық және аудан ішіндегі жолаушылар көлігі маршруттарында жүру ақысын өтеу үшін, жол жүруді растайтын құжаттарды ұсынған кезде – 100 пайыз мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулез) - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балаларға - ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер шығыны және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысы үшін, өтініш беруші ұсынған түбіртек көшірмелеріне сәйкес - ай сайын 100 пайыз мөлшерінде.

      Ұлы Отан соғысының ардагері пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.";

      3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі"

      14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса, Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      17 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4 және 5 тараулардың тақырыптары жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4 тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      5 тарау. Қорытынды ереже".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
аудандық мәслихат
хатшысы
С.Агымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады