Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 113 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26021 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаражал қаласының Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

  Қаражал қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 113 Қаулысына қосымшасы

Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Аймаққа бөлу коэффициентті

Қаражал қаласының және Шалғы кентінің салық салу объектісінің орналасқан жері

1

5 қабатты үйлер, әкімшілік ғимараты, қонақ үй, аурухана, мемлекеттік кірістер басқармасы орналасқан қаланың орталық бөлігі (шекаралары: солтүстікте - Битабар көшесі, шығыста - 12 орам, оңтүстікте - 25 орам, батыста - Дүкенов көшесі)

2, 00

2

Қойма үй-жайлары, жылу-сумен жабдықтау цехы, спорт кешені, мешіт орналасқан коммуналды-қоймалық аумақ (шекаралары: оңтүстікте - Битабар көшесі, солтүстік, шығыс, батыста - құрылыстан босатылған жерлер)

1, 40

3

Жеке сектор үйлері орналасқан қаланың батыс бөлігі (Рысқұлбеков, Амангелді, Гагарин, Қарағанды, Кенесары, Горняков көшелері)

1, 75

4

Теміржол көлігі объектілері қамтыған қаланың өндірістік аумағы

1, 15

5

Көп қабатты құрылыс үйлері орналасқан 25 орам аумағы

1, 90

6

Құрылысшылар және ескі Қаражал ықшам аудандары

1, 45

7

Станциялық ықшам ауданы

1, 15

8

Шалғы кентінің аумағы

0, 90

9

Ақтай ықшам ауданы, Степная көшесі

0, 80

10

Қаражал қаласы жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы

0, 50

Жәйрем кентінің салық салу объектісінің орналасқан жері

11

Бизнес орталығы, қонақ үйі, сот ғимраты, мектеп орналасқан кенттің орталық бөлігі (шекаралары: солтүстікте - Мамаев көшесі, батыста - Пионерская бульвары, шығыста - Металлуров көшесі, оңтүстікте - 2 орам)

1, 90

12

Әкімшілік ғимараты, аурухана, "Весна" және "Үшқатын" қонақ үйлері (шекаралары: солтүстікте - Сейфуллин көшесі, шығыста – Металлургов көшесі, оңтүстікте - автостанция)

1, 95

13

Жеке сектор аумағы, мектептер, дүкендер (шекаралары: солтүстікте - Даулетбаев көшесі, шығыста - Молдағұлова көшесі, оңтүстікте - Шинтуринов көшесі, батыста - құрылыстан босатылған жерлер)

1, 45

14

Жеке сектор аумағы, батыста - Молдағұлова көшесінен Заводская көшесіне дейін, шығыста- Металлургов пен Луговая көшелері арасындағы аумақ

1, 30

15

Жәйрем кентінің жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы

0, 95


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады