ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 475 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Приозерск қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Приозерск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушысы | Д. Саденов |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18/60 қаулысына қосымша |
Приозерск қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Үйлерді салу | ||
1 | "Түбек" ауданында тұрғын үйлер (Транспортная көшесі мен көл жағалауы арасында: Таңшолпан көшесінен бақылау өткізу пунктіне дейін,Транспортная және теміржол көшелері арасында: канализациялық коллектордан бақылау өткізу пунктіне дейін) | 2,05 |
2 | Таңшолпан, Алаш көшелері "Түбек" ауданында тұрғын үйлер (көл жағалауы мен Транспортная көшелері арасында: Сарыарқа көшесінен Таңшолпан көшесіне дейін) | 2,35 |
3 | Бәйтерек, Абай көшелері | 2,50 |
4 | Көктеңіз көшесі | 2,40 |
5 | Панфилова көшесі | 1,85 |
6 | Дружба Народов көшесі | 1,75 |
Пәтерлер | ||
7 | Дружба Народов, Космонавтар, Гвардейская, Абай көшелері, Бульвар Жеңіс, Балхаш, Дорохов, Ағыбай батыр, Пушкин, Б.Момышұлы, Кисунько, Достық көшелері | 2,10 |
8 | Сарыарқа көшесі | 2,50 |
Саяжайлар | ||
9 | Дружба Народов көшесі | 1,85 |
10 | Қала шекарасындағы саяжай алабы | 1,10 |
Гараждар | ||
11 | Абая көшесі | 2,35 |
12 | Ағыбай батыр, Пушкин көшелері | 1,85 |
13 | Тұран, Гвардейская көшелері | 1,55 |
14 | Гранит өткелі | 1,65 |