Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 "Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/20 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 4473 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 587-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3923 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.";

      Маңғыстау облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерінде:

      "Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша" бөлімде:

      1-жол орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Абилов
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады