Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі №42/418 "Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 10/105 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26326 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының "Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 2 шілдесіндегі № 42/418 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

  2021 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 10/105
  шешімге 1 қосымша


  Қарақия аудандық мәлихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешімімен
  бекітілген 1 қосымша

Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Құрық ауылы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінен "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне дейінгі автокөлік жолы.

      3. Алаң, Жетібай ауылы, "Жаңақұрылыс" шағын ауданы.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйіне дейін.

      5. Алаң, Мұнайшы ауылы, "Салтанат" шағын ауданы.

      6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Балауса" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратынан бастап орталық саябаққа дейін.

  2021 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 10/105
  шешімге 2 қосымша


  Қарақия аудандық мәлихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешімімен
  бекітілген 2 қосымша

Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, шекті толу нормасы 200 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Құрық ауылы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінен "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне дейінгі автокөлік жолы, шекті толу нормасы 200 адам;

      3) алаң, Жетібай ауылы, "Жаңақұрылыс" шағын ауданы, шекті толу нормасы 200 адам;

      4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйіне дейін, шекті толу нормасы 200 адам; 5) алаң, Мұнайшы ауылы, "Салтанат" шағын ауданы, шекті толу нормасы 150 адам;

      6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Балауса" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратынан бастап орталық саябаққа дейін, шекті толу нормасы 150 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Қарақия ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  2021 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 10/105
  шешімге 3 қосымша


  Қарақия аудандық мәлихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешімімен
  бекітілген 3 қосымша

Қарақия ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Қарақия ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады