Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №69 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 180 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 4437 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 24 бабының 6 тармағына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 05-10-911 ақпараттық хатының жане 2020 жылғы 28 тамыздағы № 05-14-1383 ұсынысының негізінде, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 69 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2663 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар берілсін.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулының 1 және 2 қосымшалары осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Т. Кушмаганбетов

  Маңғыстау ауданы
  әкімдігінің қаулысына
  1 қосымша
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 20 наурыздағы
  № 69 қаулысына 1 қосымша

Сайлаулар кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Сайлаулар кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Мекен-жайы, байланыс телефондары

1

Шетпе ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйі ғимараты.

Шетпе ауылы, 8 (72931) 21457

2

Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ұштаған ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Ұштаған ауылы, 8 (72959) 43851

3

Онды ауылдық округі, Онды ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Онды ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Онды ауылы, 8 (72931) 24734

4

Жармыш ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Жармыш ауылы, 8 (72931) 27348

5

Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сайөтес ауылдық клубы ғимараты.

Сайөтес ауылы, 8 (72931) 45468

6

Жыңғылды ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Жыңғылды ауылы 8 (72931) 24493

7

Отпан ауылдық округі, Тұщыбек ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Тұщыбек мектеп-бөбекжай-бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Тұщыбек ауылы, 8 (72931) 28036

8

Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Шайыр ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Шайыр ауылы, 8 (72931) 27704

9

Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Тұщықұдық ауылы, 8 (72931) 41481

10

Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Шебір ауылдық клубы ғимараты.

Шебір ауылы, 8 (72931) 41712

11

Ақшымырау ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клубы ғимараты.

Ақшымырау ауылы, 8 (72931) 42587

12

Қызан ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызан ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Қызан ауылы, 8 (72931) 42065

  Маңғыстау ауданы
  әкімдігінің каулысына 2
  қосымша
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 20 наурыздағы
  № 69 қаулысына 2 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Шетпе ауылы

Орталық базар, муниципалдық сауда орталығы аумағындағы ақпараттық стендтер; Шетпе-1 және Қарашоқы шағын аудандарында орналасқан тақталар.

2

Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Өтес жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

3

Жыңғылды ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Е.Айшуақұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

4

Отпан ауылдық округі, Тұщыбек ауылы

"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағындағы ақпараттық стенд.

5

Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Тұрар Жалғасбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін Шайыр мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

6

Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің С.Жанғабылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

7

Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Қаратөбе жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

8

Қызан ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

9

Ақшымырау ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клубы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

10

Жармыш ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы ақпараттық стенд; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

11

Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

12

Онды ауылдық округі, Онды ауылы

"Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады