Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекітілсін:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жанама орман пайдалану үшін;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы | К. Жанбыршина |
Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | Н. Утеулин |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 31 мамырдағы | |
№ 58 шешіміне | |
1 қосымша |
Ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
Қайың шырыны дайындау | гектар | 2896 |
Шайыр дайындау | гектар | 5793 |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 31 мамырдағы | |
№ 58 шешіміне | |
2 қосымша |
Жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша: | ||
жақсы | гектар | 3111 |
қанағаттанарлық | гектар | 2333 |
нашар | гектар | 1815 |
Мал жаю, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы: | ||
Ірі мал: ірі қара мал, жылқы | бір бас | 1452 |
Ірі қара малдың төлі | бір бас | 726 |
Есек | бір бас | 726 |
Ешкі | бір бас | 1270 |
Қой | бір бас | 363 |
Ара ұялары мен омарта орналастыру | 1 омарта үшін | 2593 |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 31 мамырдағы | |
№ 58 шешіміне | |
3 қосымша |
Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Ағаш және бұта тұқымдарының атауы | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) | ||
1. | Қайың | ||
қабықтар | тонна | 0,016 | |
бұтақтар | тонна | 0,032 | |
томарлар | тонна | 0,008 | |
тамырлар | тонна | 0,048 | |
жапырақтар | тонна | 0,024 | |
бүршіктер | килограмм | 0,016 | |
2. | Қарағай | ||
қабықтар | тонна | 0,021 | |
бұтақтар | тонна | 0,042 | |
томарлар | тонна | 0,011 | |
тамырлар | тонна | 0,063 | |
жапырақтар | тонна | 0,032 | |
бүршіктер | килограмм | 0,021 | |
3. | Көктерек, терек | ||
қабықтар | тонна | 0,011 | |
бұтақтар | тонна | 0,022 | |
томарлар | тонна | 0,01 | |
тамырлар | тонна | 0,033 | |
жапырақтар | тонна | 0,02 | |
бүршіктер | килограмм | 0,011 | |
4. | Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары | тонна | 0,024 |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 31 мамырдағы | |
№ 58 шешіміне | |
4 қосымша |
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орманды пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге, айлық есептік көрсеткіш) | |
Ұзақ мерзімді орман пайдалану | ||
Ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін | гектар | 0 теңге |
Аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін | гектар | 2593 теңге |
Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін | гектар | 1296 теңге |
Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | гектар | 4929 теңге |
Қысқа мерзімді орман пайдалану | ||
Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |
Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |