Тобыл кенті әкімінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 2 "Таран ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті әкімінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 9839 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тобыл кенті әкімінің "Таран ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 2 шешіміне (2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауданы", "Таран ауданының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданы", "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын.

      2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тобыл кентінің әкімі А. Есмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады