Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.04.2022 № 145/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы | К. Абишев |
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |
Павлодар облыстық | |
Мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 20/3 шешімімен бекітілген |
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 145,6 |
2 | Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде | 1000 текше метр | 836,4 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 235,7 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 235,7 |
5 | Су көлігі | 1000 тонна шақырым | 32,3 |