Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2022 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 145/12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27641 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2022 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 20/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7279 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2022 жылғы
14 сәуірдегі № 145/12
шешімімен бекітілген

Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2022 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

157,78

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

906,63

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

255,46

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

255,46

5

Су көлігі

1000 тонна шақырым

35,06


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады