Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 9 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 6032 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 27 қарашадағы № 250 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 27.11.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2821 болып тіркелген, 2014 жылдың 21 қазанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбындағы, 1-тармағындағы және қосымшасындағы "Оңтүстік Қазақстан облысындағы" деген сөздер "Түркістан облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"___________ №_____ қаулысына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады