Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/13-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 7 сәуірде № 8532 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6172 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      келесі мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы Қағидалар Глубокое ауданының аумағында тіркелген адамдарға таратылады.";

      12-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) Жеңіс Күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 342,818 айлық есептік көрсеткіш;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 20,569 айлық есептік көрсеткіш;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 34,282 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жұбайларына, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушыларының, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерінен басқаларына) салдарынан мүгедек деп танылған, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған жұбайларына - 10,285 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға - 10,285 айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 10,285 айлық есептік көрсеткіш;";

      15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне Үлгілік қағидалардың 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді.

      Әлеуметтік көмек тіркелген жері бойынша тұрақты тұратын адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кузнецова
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады