ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 – бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VІ "Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-188 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 506 – бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызына арттырылсын.".
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Калимулина |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Калигожин |