Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 5-9-188 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Глубокое ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" 2015 жылғы 20 қазандағы № 40/8-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген) сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабында белгіленген, жер салығының мөлшерлемелері жер салығының базалық мөлшерлемелерінен арттырылсын.

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 506 – бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызына арттырылсын.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 5/4-VII шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Бородина
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 26/7-VI
шешіміне қосымша

Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері

№ аймақтар

Аймаққа кіретін елді мекендер

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелерін арттыру пайызы

1

Глубокое кенті, Белоусовка кенті, Прапорщиково ауылы, Опытное поле ауылы, Солнечное ауылы

50%

2

Верхнеберезовский кенті, Алтайский кенті, Предгорное ауылы, Кожохово ауылы

49%

3

Веселовка ауылы, Березовка ауылы, Секисовка ауылы, Прогресс ауылы, Уварово ауылы

48%

4

Перевальное ауылы, Белокаменка ауылы, Бобровка ауылы, Тарханка ауылы

47%

5

Ушаново ауылы, Степное ауылы, Быструха ауылы, Планидовка ауылы, 226 км разъезді, Черногорка ауылы

46%

6

Ново Михайловка ауылы, Заречное ауылы, Каменный Карьер ауылы, Новая Ульба ауылы, Ульба Перевалочная станциясы, Винное ауылы, Малоубинка ауылы

45%

7

Черемшанка ауылы, Горная Ульбинка ауылы, Зимовье ауылы

44%

8

Калинино ауылы, Сметанино ауылы, Красная Заря ауылы

43%

9

Веселое ауылы, Аврора станциясы

42%

10

Волчиха ауылы, Топиха ауылы, Карагужиха кенті

40%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады