Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 6956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 сәуірдегі №8-12/99 ұсынысы негізінде, Тайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының әуежай, техникалық колледж, электробекет, зират, орман шаруашылығы, телебекет, автобекет, коммуналдық шаруашылық бағыттарындағы бағымдарында ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №36 "Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының кейбір бағыттағы бағымдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6354 тіркелген, 2020 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайпақ ауылдық округінің әкімі Б. Шаленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады