Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының кейбір бағыттағы бағымдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 36 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 6354 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №1-15/295 ұсынысы негізінде, Тайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының әуежай, техникалық колледж, электробекет, зират, орман шаруашылығы, телебекет, автобекет, коммуналдық шаруашылық бағыттарындағы бағымдарына ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайпақ ауылдық округінің әкімі Б. Шаленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады