"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26613 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын:

      1) газ желісі ұйымдары;

      2) газ толтыру станцияларының иелері;

      3) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;

      4) газ толтыру пунктерінің иелері;

      5) автогаз құю станцияларының иелері;

      6) Заңның 27-1-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген өніркәсіптік тұтынушылар алады.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде айлар бойынша бөлініп, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу үшін жіберіледі.

      12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың өз мұқтаждықтары үшін пайдаланатын сұйытылған мұнай газының көлемдері өтінімдерге енгізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14.1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды немесе өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту не оны толық көлемде қабылдамағаны туралы дәлелді жауап жолдайды.";

      17, 18, 19, 20 және 20-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жиынтық өтінім осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар өтінімдері негізінде қалыптастырылады.

      18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына мынадай:

      1) толық емес және (немесе) қате мәліметтер қамтылған өтінімдер;

      2) ағымдағы айдың алдындағы айдағы сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтерді ұсынбаған немесе қате мәлімет ұсынған тұлғалардың өтінімдері;

      3) сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі шеңберінде оларға қатысты Заңмен белгіленген, сұйытылған мұнай газын өткізу тәртібін жоймаған бұзушылықтары анықталған тұлғалардың өтінімдері;

      4) тізбеге енгізілмеген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдері қабылданбайды.

      19. Жиынтық өтінім дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 26-1-тармағы ережелерін ескере отырып, тиісті өңірдің жоспарланып отырған кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айқындайды, ол мынадай мәліметтерге негізделеді:

      1) алдыңғы кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын нақты тұтыну көлемдері;

      2) мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өңірде тіркелген жеңіл, жүк және жолаушы көлігінің саны және осындай көліктің сұйытылған мұнай газын тұтынуының есептелген көлемдері;

      3) өңірде сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы және тұрмыстық баллондармен тұтынатын абоненттер саны;

      4) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларды қоспағанда, өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері;

      5) тиісті өңірдің аумағында орналасқан және тізбеге енгізілген сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдері.

      20. Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия) ұсынылған өтінімдерді осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өңірдің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне қарайды.

      Бұл ретте сұйытылған мұнай газының көлемдерін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына 150 (жүз елудан) аса өтінім берілген жағдайда, Жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын бөлуді жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асырады.

      20-1. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің тиісті өңірге арналған өтінімі кемінде бір вагон-норманы құрайды және онда Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау заңнамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын сақтай отырып, ондай тұлғаның нақты мүмкіндіктері ескеріледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысының хаттамасымен және сұйытылған мұнай газын Тетікке сәйкес өңірдің газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есебімен қоса уәкілетті органға жолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында:

      1) жиынтық өтінім және Комиссия отырысының хаттамасы;

      2) өңірдің газ толтыру станциялары, топтық резервуарлық қондырғылары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің арасында бөлу есебі жарияланады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өнім беру жоспары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жиынтық өтінімдерінің негізінде жоспарланып отырған айға сұйытылған мұнай газын алушыларды бөле отырып, қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Уәкілетті орган өндіруші зауыттардан алған сұйытылған мұнай газын жылдық өндірудің болжамдық мәліметтері негізінде әрбір өңір үшін өнім беру жоспары шеңберінде бөлуге сұйытылған мұнай газының алдын ала көлемдерін айқындайды.";

      31 және 31-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Егер сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі өндіруші көрсететін қызметтерді екі және одан да көп өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі пайдаланатын болса, онда өндіруші:

      1) меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелері арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін вагон-норманы ескере отырып, олардың сұйытылған мұнай газы өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесіне сәйкес бөлуді;

      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздемелер бойынша тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының әрбір меншік иесі үшін өнім беру жоспарына сәйкес оның сұйытылған мұнай газы көлемін алушыларды айқындау;

      3) өнім беру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газына ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығын ескере отырып, сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелтуді жүзеге асырады.

      Егер өндіруші сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркаларын өндіретін болса (меншік иесінің көмірсутегі шикізатынан сұйытылған мұнай газының екі немесе одан көп маркасы өндіріледі), онда мұндай өндіруші оның өнім беру жоспарында көзделген осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін оларды өндіру көлеміне пропорционал түрде өндірілген сұйытылған мұнай газының барлық маркаларын жеткізуді жүзеге асырады.

      31-1. Тиісті өңірге электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газын беру үшін бірнеше өнім берушіні анықтау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу вагон-норманы есепке ала отырып, пропорционалды жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия сұйытылған мұнай газын өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды, тиеп-жөнелтуді және өткізуді мониторингтеу деректерінің негізінде жиынтық өтінімді өнім беру жоспарына енгізеді және өзгерту туралы дәлелді шешім қабылдайды.

      Өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газы өндірісі көлемдері туралы мәліметтері өзгерген жағдайда ол туралы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарға жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей түзетілген жиынтық өтінімді жолдайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға осы Қағидалардың 26-1-тармағында көзделген түзетілген жиынтық өтінімді ұсынбаған жағдайда, Өтінім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия өндіруші зауыттар өндірген сұйытылған мұнай газы көлемі деректері негізінде өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.";

      39-1 және 39-2-тармақтар мынадай редакцияда жызлсын:

      "39-1. Бекітілген өнім беру жоспарын түзету мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі тиісті өнім берушіге өнім беру жоспарын орындауға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендеген кезде;

      2) газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде;

      3) газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері электрондық сауда алаңдарынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан мұндай тұлғаның кінәсінен бас тарту жағдайы туындаған кезде.

      39-2. Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, қалған өнім берушілердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру көлемін пропорционалды арттыру және (немесе) электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері алатын көлемдерді пропорционалды азайту жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 39-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тетікке сәйкес тиісті өңірдің қалған газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттері, автогаз толтыру станциялары иелерінің пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды бөлу жүзеге асырылады.":

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін және (немесе) өндіруші бөлгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың атына өнім беру жоспарына және өндірушінің бөлуіне сәйкес сұйытылған мұнай газын беру графигін қоса бере отырып, өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушіге:

      1) өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді), сондай-ақ сұйытылған мұнай газын төлегені туралы мәліметті;

      2) осы Қағидалардың 5-тармағында көлсетілген тұлғаның уәкілетті адамы қол қойған сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы туралы немесе ақысы төленгенді алудан бас тартуы туралы себебін көрсете отырып, өнім берушінің атына хат.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаның атынан 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми жауап алмау сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту болып саналады.

      Өнім берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тарту жағдайлары туралы хабарлайды.";

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 22 қаңтардағы
№ 22 Бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері, мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың және сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінімі

      __________________________, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________,

      (алушының атауы)

      орналасқан жері _______________________ ________ жылғы ________ (айға),

      жеткізілетін өңір ____________________________________________________

      (жеткізілетін өңір көрсетіледі)

      тоннамен

Өнімнің сұратылатын көлемі

Оның ішінде ары қарай өткізу түрлері бойынша бөле отырып


автогаз құю станциялары және (немесе) моноблоктар арқылы

газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар)

топтық резервуарлық қондырғылар арқылы**

сыйымдылық газы

меншік

бөгде

меншік

бөгде

тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

өнеркәсіптік тұтынушыларға

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болған жағдайда)

Түсіру орны: газ толтыру станцияның орналасқан мекенжайы (аккредиттеу туралы куәлікте және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша көрсетілген)

10

11



      Ескертпе:

      * мәлімделген өңірде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станциясы болмаған кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері толтырады.

      Өтінімде көрсетілетін мәліметтер өзгерген кезде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының иелері, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері, газ толтыру пунктерінің иелері, автогаз құю станцияларының иелері үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына өзгертілген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады;

      **пайдаланылуы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 22 қаңтардағы
№ 22 Бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған
мұнай газын беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігі

      1. Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері ұсынған өтінімдер мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:

      1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар саласына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғыларды қоспағанда, осы Тетіктің 5-тармағында көрсетілген өңірде мәлімделген объектілердің газ толтыру станциясы болмаған кезде газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері пайдаланатын жобалық қуаты (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);

      2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізуді қоспағанда, мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері (бұдан әрі – P2 көрсеткіші);

      3) мәлімделген өңірде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу (бұдан әрі – P3 көрсеткіші).

      2. Әрбір өлшемшарт бойынша жалпы мәннен пайыздық арақатынастағы үлесі шығарылады. Газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері көрсеткішінің қорытынды мәні пайыздық көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар саласына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар (бұдан әрі – топтық резервуарлық қондырғылар) арқылы өткізілуі тиіс сұйытылған мұнай газының көлемдері өткен үш күнтізбелік айдағы орташа айлық тұтынуды ескере отырып, толық көлемде белгіленеді.

      4. Жалпы көлемнен үлес:

      1 газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иесінің инфрақұрылымы артқан кезінде;

      2) газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің орташа айлық өткізу көлемі өскен кезінде арттыруға жатады.

      5. P1 көрсеткішін бағалау кезінде газ толтыру станциясы болмаған кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің пайдаланымдағы қуаттары жалпы көлемінің жиынтықты көрсеткіші көрсетіледі:

      1) газ желісі ұйымы;

      2) газ толтыру станциялары;

      2) газ толтыру пункттері;

      3) моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары.

      Аталған қуаттың бар болуын растау үшін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері құқық белгілеуші құжаттардың, сондай-ақ әрбір объектінің жалпы сыйымдылығын және жобалық қуатын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      6. P2 көрсеткішін бағалау кезінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері өткен үш күнтізбелік айдағы өткізуінің нақты көлемі көрсетіледі.

      Сұйытылған мұнай газының көлемдерін өткізу туралы осы мәліметтердің бар болуын растау үшін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына сұйытылған мұнай газын сатып алғанын растайтын құжаттардың (беру шарты, электрондық счет-фактуралар, құжаттар) көшірмесін береді.

      7. P3 көрсеткішін бағалау кезінде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізетін газ желісі ұйымының, газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктері, автогаз құю станциялары иелерінің нақты көлемі көрсетіледі.

      8. Өлшемшарттардың әрқайсысының үлесі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      P1 көрсеткіші – өңірдің газ желісі ұйымы, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қуатының жалпы көлемінен үлес;

      PГСО (көлем) – газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қуатының нақты көлемі;

      PГСО жалпы (көлемі) – өңірдің газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қуатының жалпы көлемі



      мұндағы:

      P2 көрсеткіші (%) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткен күнтізбелік үш айдағы өткізу көлемінің үлесі;

      PГСО (өткізу көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткен күнтізбелік үш айдағы өткізуінің нақты көлемі;

      PГСО жалпы (өткізу көлемі) – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газы көлемін қоспағанда, газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткен күнтізбелік үш айдағы өткізуінің жалпы көлемі.



      мұндағы:

      P3көрсеткіші (%) – тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын өткізу үлесі;

      PГСО (тб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымның бар болуы (болған жағдайда = 1, жоқ болса = 0);

      PГСО жалпы (тб) – тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы бар өңірдің газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің иелерінің жиынтық саны.

      Тиісті өңірде арнайы автокөліктің, авариялық-диспетчерлік қызметтің, тұтынушылардың абонеттік есебі, тұрмыстық баллондардың газ толтыру цехінің және тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату цехтарының бар болуы тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу үшін инфрақұрылымы деп түсіндіріледі.

      Аталған мүліктің болуын растау үшін газ желісі ұйымдары, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің иелерінің тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      9. Газ желісі ұйымдарының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері көрсеткішінің қорытынды мәні көрсеткіштердің пайыздық орташа сараланған мәні ретінде анықталады.



      мұндағы:

      К1 – 20%;

      К2 – 75%;

      К3 – 5%

      10. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспарының шеңберінде газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткізу көлемінің қорытынды мәні мына формула бойынша көлемдік мәнде анықталады:



      мұндағы:

      Vrco(ЖӨ) – әрбір газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің үшін электрондық сауда алаңдарынан тыс жиынтық өтініммен белгіленген көлем;

      Vжоспар – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін қоспағанда, әрбір өңір үшін электрондық сауда алаңдарынан тыс жиынтық өтінімде көзделген жалпы көлем.

      VГСО (ГТҚ) – әрбір топтық резервуарлық қондырғыларының иелері бөлінісінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемдері.

      11. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері бойынша деректер:

      1) өткен үш күнтізбелік ай үшін газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелерінің өткізу көлемдері бойынша;

      2) жобалық қуаттары бойынша жаңартуға жатады.

      12. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері осы Тетіктің 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жиынтық өтінімде есептелген көлемнен аз сұйытылған мұнай газы көлеміне өтінім берген жағдайда, сұйытылған мұнай газының қалған көлемі тиісті өңірде өткізу үшін электрондық сауда алңдарына шығарылады.

      13. Газ желісі ұйымының, газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пунктерінің, автогаз құю станцияларының иелері қызметі тоқтатылса, сұйытылған мұнай газына берілмей қалған көлемдері тиісті өңірде сату үшін электрондық сауда алаңдары арқылы сатуға шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады