ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар, және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 201 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5."Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін өтініш беруші www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандартта жазылған.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыны зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – Акт) өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісіне Комиссия мүшелері қол қояды, ол жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру үшін негіз болып табылады және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Актіні алғаннан кейін уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады.
16. Уәкілетті ұйым Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.";
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
22. Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
1) уәкілетті ұйымның - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.";
23. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасалған лауазымды адам оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы шағым берген өтініш берушіге жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында:
7, 8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өтініш беруші "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті бастапқыда алу үшін өтініш беруші www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 40 (қырық) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын жібереді.
Куәлікті кезекті алу үшін өтініш беруші осы тармақта көзделген тәртіппен өтінімді және өзгерістер мен жаңартулар болған Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
8. Өтініш беруші барлық қажетті электрондық құжаттарды портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
8-1. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсаттарын уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды өтініш берушіден талап етуге жол берілмейді.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті ұйым өтінім беруші ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың сәйкестігіне 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
10. Құжаттар Стандарттың 8-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім қабылдайды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) сертификаттық зерттеп-қарау актісі оң болған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті ресімдейді;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.";
19-1, 19-2 және 19-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
19-2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің шағымы:
1) уәкілетті ұйымның шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
19-3. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1061 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы:
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
11. "Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталына өтінімді жібереді.
12. Өтінімге осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, шу бойынша әуе кемесі туралы мәліметтерді, радиохабар беру аппаратурасын пайдалануға рұқсатты уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді береді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Пайдаланушы сертификатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындысы бар сертификаттық зерттеп-қарау актісі негіз болып табылады.
Уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын ресімдеуді және беруді жүргізеді немесе теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін Стандарттың 9-тармағында келтірілген жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық зерттеп-қарау тексеру актісі негіз болып табылады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
уәкілетті ұйымның оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".
1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Уәкілетті ұйымның атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Ұшуларды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) (бұдан әрі - куәлік) беру – 60 (алпыс) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Ұшуларды орындау құқығына куәлік алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы): |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2–қосымша Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Уәкілетті органның атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру – 40 (қырық) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады (Салық кодексі). |
7 | Жұмыс кестесі |
1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Өтініш беруші (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкіліне) жүгінген кезде мынадай құжаттар ұсынылады: бастапқы куәлікті алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті мәліметтердің Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктеріескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай: |
"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Уакілетті ұйымның атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Уәкілетті ұйымның құжаттар топтамасымен өтінімді көрсетілетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе Қағидалардың 25-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушінің алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – өтініш беруші). |
7. | Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі |
1) уәкілетті ұйымның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Порталға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздері |
1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда: |