"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 шiлдеде № 28732 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдардан басқа, олар қызметтік автомобиль көлігінде немесе мемлекеттік авиация кемелерінде жол жүрген жағдайларда әскери жолаушыларға мыналар жатқызылады:

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы (жұмыскерлері) – олар бірлескен оқу-жатығулар өткізу, төтенше жағдайларды жою, терроризмге қарсы операцияларды, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу және төтенше немесе соғыс жағдайы шарттарындағы, сондай-ақ қарулы жанжал жағдайларындағы міндеттерді орындау аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      2) әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері – оқыту бағдарламаларында көзделген далалық шығуларға, ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      3) әскери оқу орындарының талапкерлері – оларды оқуға түсу емтихандарын тапсыру кезеңінде қызметтік автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде;

      4) әскери-дипломатиялық корпустың адамдары, шет мемлекеттердің әскери қызметшілері, БҰҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО миссияларының және басқа да халықаралық ұйымдардың инспекторлары мен байқаушылары – олар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық оқу-жаттығуларға, бірлескен іс-шараларға дайындалу және өткізу аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      5) Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында білім алатын шет мемлекеттердің әскери қызметшілері – олар бөлімшемен бірге оқыту бағдарламаларында көзделген далалық шығуларға немесе іс-шараларға қатысу орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      6) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Үкіметінің мүшелері, Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері – олар әскери бөлімдерге, гарнизондарға бару, инспекциялау үшін немесе ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      7) денсаулық сақтау жұмыскерлері – олар медициналық көмек көрсету және стационарлық емдеу орнына науқастармен (жараланғандармен) бірге жүру үшін бөлімшелерге, әскери бөлімдерге жол жүрген кезде;

      8) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері – олар ҚР ҚК-да құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар фактілері бойынша жедел, тергеу іс-шараларын жүргізу аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      9) мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері – олар ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу, мәдени-демалыс іс-шараларын немесе түсірілімдерді, оның ішінде ҚР ҚК имиджін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін әскери бөлімдерге, гарнизондарға, оқу-жаттығулар, далалық шығулар өткізу аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      10) азаматтық адамдар – оларды төтенше жағдайларды жою аймақтарынан, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу аудандарынан, төтенше немесе соғыс жағдайы шарттарында, сондай-ақ қарулы жанжал жағдайларында эвакуациялау кезінде.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, Үкімет қаулылары, шешімдері, жоғары қолбасшылықтың бұйрықтары, нұсқаулары, өкімдері көрсетілген санаттағы әскери жолаушыларды тасымалдау үшін негіздер болып табылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Әскери бөлімнің қаржы бөлімшесі әскери талаптарды дұрыс толтырмаған жағдайларды қоспағанда, әскери жолаушы алған әскери талаптарды пайдаланбаған, сондай-ақ мыналардың:

      1) әскери командаларды, қарауылдарды жөнелту;

      2) әскери оқу орындарына, оның ішінде шетел оқу орындарына қабылданған әскери қызметшілердің кету (келу);

      3) әскери қызметшілерді дәрігерлік комиссияның (емдеу дәрігерінің) қорытындысы бойынша әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерден (ұйымдардан) стационарлық емделуден шығару мерзімдері өзгерген жағдайда оларды қайта беру жүргізілмейді.

      Әскери жолаушы әскери талаптарды жоғалтқан кезде жаңа әскери талаптар берілмейді.";

      69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасы шегінде стационарлық емдеу орнынан, сондай-ақ медициналық, әскери-дәрігерлік (ұшу) комиссиядан өту орнынан қызмет өткеру орнына дейін жол жүруі:

      1) теміржол көлігінде – әскери-медициналық бөлімше беретін әскери талаптар бойынша ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша, бұл ретте әскери талаптың "тасымалдау мақсаты" деген жолында "емделуден" деп көрсетіледі;

      2) автомобиль және ішкі су көлігінде – әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде кейіннен шығысты төлеумен өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      70. Әскери қызметшінің емделуді жалғастыру үшін бір емдеу мекемесінен басқасына Қазақстан Республикасы шегінде жол жүруі:

      1) теміржол көлігінде – әскери-медициналық бөлімше беретін әскери талаптар бойынша ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша, бұл ретте әскери талаптың "тасымалдау мақсаты" деген жолында "емделуге" деп көрсетіледі;

      2) автомобиль және ішкі су көлігінде – әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде кейіннен шығысты төлеумен өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Медициналық, әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша немесе әскери бөлім дәрігерінің қорытындысы бойынша оқшаулауды қажет ететін әскери қызметшінің теміржол көлігінде жол жүруі кез келген санаттағы пойыздардың жеке купесінде бірге жүрушілермен бірге жүзеге асырылады.

      73. Әскери қызметшінің стационарлық емдеу орнына дейін жол жүруіне (тасымалдануына) көлік түрін әскери бөлімнің, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің (ұйымның) дәрігері айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады