Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 896 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30549 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, білім беру ұйымдарының, дербес бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің бастықтары жеке құрамның осы Қағидаларды зерделеуін ұйымдастырсын және орындауға қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Идеологиялық және имидждік жұмыс департаменті (А.С. Махамбетова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 14 қарашадағы
№ 896 бұйрығына
қосымша

Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәлімгер – ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамға (бұдан әрі – ІІО-ға алғаш кіретін адам) бекітілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін ІІО-ның қызметкері;

      2) ІІО-ға алғаш кіретін адамдарды кәсіби бейімдеу – ІІО-ға алғаш кіретін адамның кәсіби дағдыларды игеруі, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылуы, ІІО-ға қызметке бейімділікті қалыптастыру процесі.

2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері

      3. Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдарға ішкі істер органдарының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіледі.

      Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына алғаш кіретін адамдарға қолданылмайды.

      4. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту ІІО бастығының бұйрығымен үш ай мерзімге жүргізіледі.

      5. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту үшін ІІО-ға алғаш кіретін адамның тікелей басшысының баянаты негіз болып табылады.

      6. Бір тәлімгерге екіден артық емес ІІО-ға алғаш кіретін адам бекітіледі.

      7. ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке басын зерделеу үшін тәлімгер осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша карточка ашады.

      8. Тәлімгер бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеу жоспарын (бұдан әрі – Бейімдеу жоспары) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді, оны ІІО-ға алғаш кіретін адам қызмет ететін құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.

      9. Тәлімгер:

      1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның бейімделу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;

      2) ІІО-ға алғаш кіретін адамға таңдаған мамандығын меңгеруге көмек көрсетеді, оған функционалдық міндеттерін, оларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін түсіндіреді, жіберілген қателіктерді бірлесіп талдайды және жояды;

      3) жеке өзінің іс-әрекеті арқылы ІІО-ға алғаш кіретін адамның жағымды қасиеттерін, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;

      4) ІІО-ға алғаш кіретін адамды ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпы мәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға тартады, патриотизмге баулыды;

      5) ІІО-ға алғаш кіретін адамның моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға қатынасын зерделейді;

      6) ІІО-ға алғаш кіретін адамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын және жеке тәртіптілігін нығайтады, олардың тәртіп пен заңдылықты бұзуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

      10. ІІО-ға алғаш кіретін адам:

      1) өзіне берілген тапсырмаларды, сондай-ақ бейімдеу жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындайды;

      2) тәртіпті, заңдылықты және нысанды киім киюді сақтайды;

      3) ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;

      4) тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдайды;

      5) әріптестерімен, азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынаста болады;

      6) кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс істейді.

      11. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін тәлімгер үш жұмыс күні ішінде ІІО басшысына ІІО-ға алғаш кіретін адамға пікір ұсынылады, онда Бейімдеу жоспарының орындалу нәтижелері, оның кәсіби білімінің, іскерлігі мен дағдыларының деңгейі, қызметтік міндеттерін өз бетінше орындау қабілеті көрсетіледі.

      12. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін карточкалар кадр қызметінің номенклатуралық істерінде сақталады (сақтау мерзімі үш жыл), ал тәлімгердің пікірі мен Бейімдеу жоспары ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке ісіне тігіледі.

      13. Тәлімгерді ауыстыру ІІО бастығының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) тәлімгерді ІІО-дан босату;

      2) тәртіптік негізде атқаратын лауазымынан босатылған жағдайларда;

      3) тәлімгерді ІІО-ның басқа бөлімшелеріне не өзге ведомстволарға ауыстыру (іссапарға жіберу);

      4) тәлімгерді қызмет ерекшелігінің өзгеруіне байланысты басқа лауазымға ауыстыру;

      5) елеулі теріс қылықтар жасағаны немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған кезде.

      14. Тәлімгерлік қызметін ұйымдастыру ІІО кадр қызметіне жүктеледі, олар тәлімгерлікті ұйымдастырудың оң тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, бұл жұмысты жетілдіру туралы ІІО басшысына ұсыныстар енгізеді.

  Ішкі істер органдарына
алғаш рет қабылданған адамдар
үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша

      Нысан

ІІО-ҒА АЛҒАШ КІРЕТІН АДАМҒА АРНАЛҒАН КАРТОЧКА

      _______________________________________________________

      лауазымы _______________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________________________________

      бөлініс

Тәлімгер туралы мәлімет

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________

      Атағы ___________________________________________________________________

      Лауазымы _________________________________________________________________

      Білімі ____________________________________________________________________

      ІІО-да ____________________________________________________________________

      Осы лауазымда ____________________________________________________________

      ІІО-ға алғаш кіретін адам туралы ақпарат

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________________

      Лауазымы _________________________________________________________________

      ІІО бастығының тәлімгерді бекіту туралы бұйрығы _______ 20______ жылғы "_____"

      __________ № ______

      Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуі ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          (қайда, қашан)

      ІІО-ға алғаш кіретін адамды психологиялық тексеру нәтижелері ___________________

      __________________________________________________________________________

                              (ӘДК қорытындысы бойынша)

      ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке басын зерделеу нәтижелері

      Туған күні _________________________________________________________________

      Туған жері ________________________________________________________________

      Ұлты ____________________________________________________________________

      Білімі (қай оқу орнын қашан бітірді, оқып жатыр)

      _________________________________________________________________________

      ҚК қызметі ________________________________________________________________

      ІІО-ға қызметке кіру күні ____________________________________________________

      Қандай көтермелеулері бар және не үшін

      __________________________________________________________________________

      Қандай жазалары бар және не үшін

      __________________________________________________________________________

      ІІО-ға кіргенге дейін қайда жұмыс істеді

      __________________________________________________________________________

      Қандай жазалары бар ______________________________________________________

      Тұрғылықты жері (мекенжайы, үй телефоны) ___________________________________

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы

      _________________________________________________________________________

      Отбасы жағдайы (үйленген, бойдақ, ажырасқан) _________________________________

      Жақын туыстары (ТАӘ, (бар болған жағдайда), туған күні, мекенжайы, жұмыс немесе

      оқу орны):

      Әйелі (күйеуі) _____________________________________________________________

      Балалары _______________________________________________________________

      Әкесі ____________________________________________________________________

      Анасы ___________________________________________________________________

      Ағасы ___________________________________________________________________

      Әпке-қарындасы __________________________________________________________

      Отбасындағы қарым-қатынас

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жұмыстағы және тұрғылықты жердегі жақын достары

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қызығушылығы ____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жеке автокөліктің болуы (маркасы, мемлекеттік нөмірі) __________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жеке меншігінде атыс қаруының болуы (қарудың түрі, нөмірі) ___________________

      _________________________________________________________________________

  Ішкі істер органдарына
алғаш рет қабылданған
адамдар үшін тәлімгерлікті
ұйымдастыру қағидалары
мен мерзімдеріне
2-қосымша

      Нысан

  "КЕЛІСІЛДІ"
ІІО бастығы (командирі)
__________________________
20 __ жылғы "____" _________

ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеудің жоспары

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________

      Құрылымдық бөлініс _______________________________________________________

      Лауазымы ________________________________________________________________

      Тәлімгерліктің басталу күні ________________________________________________

      Тәлімгерліктің аяқталу күні _________________________________________________

      Тәлімгердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, атағы ____________

      __________________________________________________________________________


р/с

Іс-шараның атауы

Жоспарланған кезең

Орындалуы туралы белгі

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




      Ескертпе: Жоспарланған іс-шаралар ІІО қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен, ережелермен және лауазымдық нұсқаулықтармен танысуға, атқаратын лауазымының кәсіби ерекшелігін зерделеуге, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталады және іс-шаралардың саны оннан аспайды.

      Тәлімгер __________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә., (болған жағдайда), қолы)

      Таныстым:

      ІІО-ға алғаш кіретін адам __________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә., (болған жағдайда), қолы)

      20 __ жылғы "_____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады