Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.11.2023 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоса берiлiп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.01.2023 № 1 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық ретке келтірілген жиынтығы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке атаулы шоты;
5) жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТМДҚ) – азаматтық жағдайды сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
6) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар, сондай-ақ атына БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар бойынша "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ-дағы мәліметтер;
7) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
8) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) – агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақша;
9) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;
10) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
11) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
12) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ (бұдан әрі – "ТӨҰ" АЖ) – МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған АЖ;
13) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі – ШЗШ) – келіп түскен ЖМЗЖ және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылған шот.
3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алған ақпаратты әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
2-тарау. Жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру тәртібі
4. Жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес "ТӨҰ" АЖ және ЖТМДҚ-дан алынатын мәліметтер негізінде, сондай-ақ МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар және (немесе) БЖЗҚ-дан алынған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебі бойынша тиісінше ашық ЖЗШ және ШЗШ туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылады және әрбір жеке тұлға бойынша мыналар қамтылады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, азаматтығы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, күні және беру органы;
4) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу үшін, ашылу күнін көрсете отырып, ЖЗШ ашу туралы ақпарат;
5) ЖМЗЖ есепке алу үшін ашылған күнін көрсете отырып, ШЗШ ашу туралы ақпарат;
6) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ жабылу күні мен себептері көрсетілген, олардың жабылуы туралы ақпарат;
7) ЖМЗЖ есепке алу үшін ШЗШ жабылу күні мен себептері көрсетілген, олардың жабылуы туралы ақпарат;
8) Заңның 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне, Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес аударылған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдар сомасы және олардың қайтару туралы ақпарат;
9) Заңның 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне, Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттер туралы ақпарат;
10) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы ақпарат;
11) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның мәртебесінің өзгеруі туралы ақпарат;
12) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның туған жері, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;
13) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күнін өзгерту туралы.
5. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын ОАО мен БЖЗҚ АЖ өзара іс-қимылы туралы келісімде айқындалған электрондық тәсілмен ЖТМДҚ-ға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған бір жеке тұлғада МЗЖ есепке алу бойынша бір ЖЗШ және (немесе) ЖМЗЖ есепке алу бойынша бір ШЗШ және (немесе) МКЗЖ есепке алу бойынша бір ЖЗШ болуын қамтамасыз етеді.
7. "ТӨҰ" АЖ күн сайын ЖТБТ-да МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерін ЖТМДҚ-да бар мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді, алшақтықтар анықталған жағдайда оларды ЖТМДҚ-дағы деректерге сәйкес келтіреді.
8. Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ төлеу жөніндегі агенттерден, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардан МЗЖ түскен кезде "ТӨҰ" ААЖ күн сайын жеке тұлғаларды салыстырып тексеруді жүргізеді салымшылардың (алушылардың) деректері ЖТМДҚ-да бар мәліметтермен қоса беріледі.
Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері ЖТМДҚ деректерімен сәйкес келген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжат (құжаттар) болған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына тиесілі болған кезде, Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға агенттер аударған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұлдар туралы мәліметтерді жібереді.
Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері ЖТМДҚ деректерімен сәйкес келмеген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттары болмаған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына тиесілі болмаған, қайтыс болуы ЖТМДҚ-да бар мәліметтерге сәйкес МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл төленетін кезеңнен бұрын болған салымшының (алушының) қайтыс болуы туралы мәліметтер болған кезде Мемлекеттік корпорация агентке қайтару себебін көрсете отырып, "ТӨҰ" АЖ арқылы электрондық түрде МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл сомаларын қайтаруды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 8) тармақшасына, 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттары бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпаратпен алмасу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
4) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке атаулы шоты;
5) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар бойынша "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер;
6) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) – агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақша;
7) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес енгізілетін ақша;
8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
9) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі – ШЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылған шот.
3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алған ақпаратты әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
2-тарау. Жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ОАО мен БЖЗҚ ақпараттық жүйелері арасында ақпарат алмасу тәртібі
4. ОАО мен БЖЗҚ ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ) арасында ақпарат алмасу ОАО мен БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) негізінде жүзеге асырылады.
5. ОАО мен БЖЗҚ АЖ арасында алмасуға жататын ақпарат мәліметтерді қамтиды:
1) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары (бұдан әрі – ЖЗШ), ЖМЗЖ есепке алу бойынша ашылған және жабылған ШЗШ туралы;
2) келіп түскен (қайтарылған) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;
3) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы;
4) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары және инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу кезінде қажетті алушыға (ОАО сұратуы бойынша ұсынылады) БЖЗҚ-дан жүзеге асырылған алғашқы зейнетақы төлемінің күні туралы;
5) сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы және сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы туралы;
6) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғада "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры" ААЖ-дан топтарын, мүгедектіктің белгіленген күні мен мерзімін, мүгедектік белгіленбеген күнін растау туралы;
7) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күнге есептелген инвестициялық табыс сомалары туралы;
8) БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдардың мөлшерлері туралы.
9) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғаларға ОАО-ның мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау негіздері туралы (бұл жеке тұлғаның зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы болған кезде);
10) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған және Мемлекеттік корпорацияда зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті тіркеген зейнетақы төлемдерін алушылар туралы;
11) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, Заңның 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген тұлғаларға біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары туралы, Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сомалары туралы;
12) Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарында көрсетілген адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы, сондай-ақ оларды тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы;
13) алушының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушыларға, отставкадағы судьяларға тиесілігі туралы;
14) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асырылған, уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары және инвестициялық портфельді басқарушыны сенімгерлік басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына зейнетақы жинақтарының қайтарылған сомалары туралы мәліметтерді қамтиды.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мәліметтерді беру Келісімге сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
7. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған мәліметтермен ОАО мен БЖЗҚ АЖ арасында алмасу күнделікті негізде жүзеге асырылады.
8. БЖЗҚ күн сайын Астана қаласының ағымдағы күнінің 23 сағат 30 минуттан кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді АЖ-ға береді.
ОАО АЖ мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға мәліметтерді алу туралы электрондық хабарламаны және берілген (алынған) мәліметтер бойынша салыстыру хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) жібереді.
ОАО АЖ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді өзектендіруден бас тартқан жағдайда хаттамада бас тарту себебін көрсете отырып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы өзектендірілмеген шарттар туралы ақпарат көрсетіледі.
9. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді беру Келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға ОАО АЖ-дан БЖЗҚ-ға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
ЖЗҚ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ АЖ-ға өзгерістер енгізеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасына жеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін өтініш жасамаған адамдар бойынша ОАО ААЖ-да көрсетілген адамдарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болуға тиіс.
10. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
11. Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ОАО-ға беруді БЖЗҚ әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен (он бесі) кешіктірмей Келісімде белгіленген форматта жүзеге асырады.
12. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы мәліметтерді, соның ішінде ағымдағы жылы Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толатын және БЖЗҚ-да МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты қалыптастырады және ОАО-ға ұсынады.
13. Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді БЖЗҚ күн сайын Келісімде белгіленген форматта ОАО АЖ-ға береді.
14. Осы Қағидалардың 5-тармағының 6), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларымен белгіленген ОАО ААЖ-мен БЖЗҚ арасындағы мәліметтер алмасу Келісімде белгіленген форматта және мерзімде жүзеге асырылады.