Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) және 126) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қараша № 485 бұйрығына 1-қосымша |
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 125) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
5) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЗЖҚ-ға енгізілетін ақша;
6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – агенттер меншікті қаражатының есебінен БЖЗҚ-ға еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына аударған ақша;
7) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқоры – МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ бойынша аударылған төлемдер бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТМДҚ) және "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ-дан қалыптастырылған мәліметтер;
8) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;
9) жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТМДҚ) – азаматтық жағдайды сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
10) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
11) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО);
12) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – МЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған ААЖ;
13) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі - ШЗШ) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған, жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот.
3. ОАО ААЖ және БЖЗҚ өзара іс-қимыл туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасу жолымен ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру тәртібі
4. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқоры МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударған жеке тұлғалар бойынша ЖТМДҚ және "ТӨҰ" ААЖ мәліметтері негізінде қалыптастырылады және әрбір салымшы (алушы) бойынша:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, азаматтығы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, құжаттың берілген күні және оны берген орган;
4) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күнінің өзгергені туралы;
5) салымшының (алушының) деректемелері, азаматтығы, мәртебесінің өзгергені туралы деректерді қамтиды.
5. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқоры күнделікті негізде жаңарту арқылы қалыптастырылады.
6. "ТӨҰ" ААЖ күн сайын жеке тұлғалардың МЗЖ, МКЗЖ бойынша жеке тұлғалардың дерекқорындағы дербес деректерін ЖТМДҚ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді және айырмашылықтар анықталған кезде оларды ЖТМДҚ-дағы деректермен сәйкестікке келтіреді.
7. Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ төлеу бойынша агенттерден, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ Кодекстің 248-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардан МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл түскен кезде "ТӨҰ" ААЖ күн сайын жеке тұлғалардың дербес деректерін ЖТМДҚ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Жеке тұлғалардың дербес деректері ЖТМДҚ деректерімен сәйкес келген кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген, қолданыстағы жеке басты куәландыратын құжат (құжаттар) болуы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты болуы Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға агенттер аударған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұлдар туралы мәліметтерді жібереді.
Жеке тұлғалардың дербес деректері ЖТМДҚ деректеріне сәйкес келмеген, оның ішінде салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген қолданыстағы құжаттар болмаған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысы болмаған, қайтыс болуы ЖТМДҚ-дағы мәліметтерге сәйкес МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл төленетін кезеңнен бұрын басталған салымшының (алушының) қайтыс болғаны туралы мәліметтер болған кезде Мемлекеттік корпорация қайтару себебін көрсете отырып, агентке МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл сомаларын "ТӨҰ" АЖ арқылы электрондық түрде қайтаруды жүзеге асырады.
8. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқорына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын Келісімде айқындалған электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп бір салымшыда (алушыда) МЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ны және (немесе) МКЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның болуын қамтамасыз етеді.
2023 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығына 2-қосымша |
Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 126) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
5) Келісім – ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын орталық атқарушы орган мен БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім;
6) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға енгізілетін ақша;
7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – агенттер меншікті қаражатының есебінен БЖЗҚ-ға еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына аударған ақша;
8) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқоры – МЗЖ, МКЗЖ бойынша аударылған төлемдер бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТМДҚ) және "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ-дан қалыптастырылған мәліметтер;
9) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО);
11) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі - ШЗШ) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған, жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
2-тарау. Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. ОАО ААЖ мен БЖЗҚ арасында ақпарат алмасу Келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
5. ОАО ААЖ мен БЖЗҚ арасында алмасуға жататын ақпарат мынадай:
1) келіп түскен (қайтарылған) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;
2) салымшылардың (алушылардың) дербес деректері өзгергені туралы;
3) МЗЖ (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы және мемлекеттік кепілдік бойынша айырманы төлеуді есептеу кезінде қажетті, БЖЗҚ-дан алушыға жүзеге асырылған алғашқы зейнетақы төлемінің күні туралы (сұрау салу бойынша беріледі);
4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін сақтандыру ұйымына және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырғаннан кейінгі зейнетақы жинақтарының қалдықтары туралы және Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін сақтандыру ұйымына, инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған күннен бастап зейнетақы жинақтарының сомалары туралы;
5) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорынан салымшының (алушының) мүгедектік тобын, мүгедектік белгіленген күні мен мерзімін растау туралы;
6) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күндерге есептелген инвестициялық кірістің сомасы туралы;
7) зейнетақы төлемдерінің және (немесе) БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударымдардың мөлшері туралы;
8) ОАО-ның салымшыларға (алушыларға) жәрдемақы тағайындау негіздері туралы (салымшыда (алушыда) зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқық болған кезде);
9) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған және Мемлекеттік корпорацияда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті тіркеген зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылар туралы;
10) Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары туралы, Кодекстің 37-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сомалары туралы;
11) Кодекстің 207-бабының 1-3-тармақтарында көрсетілген адамдардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы, сондай-ақ оларды тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы;
12) алушының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушыларға, отставкадағы судьяларға тиесілігі туралы;
13) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асырылған, уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары туралы, инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мәліметтерді беру Келісімге сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
7. ОАО мен БЖЗҚ ААЖ арасында осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында айқындалған мәліметтермен алмасу күнделікті негізде жүзеге асырылады.
8. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді беру ОАО ААЖ-дан БЖЗҚ-ға Келісімге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
БЖЗҚ салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ ААЖ-ға өзгерістер енгізеді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ОАО ААЖ мен БЖЗҚ арасында Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін өтініш жасамаған адамдар бойынша дерекқорға, көрсетілген адамдарда ОАО ААЖ-да жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдері және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болуына салыстыру жүргізеді.
9. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
10. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4), 6) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ОАО ААЖ-ға беруді БЖЗҚ әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і (он бесі) күнінен кешіктірмей Келісімде белгіленген форматта жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-і күніне инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы мәліметтерді, оның ішінде ағымдағы жылы Кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толатын және БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты қалыптастырады және ОАО-ға ұсынады.
12. БЖЗҚ осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ОАО ААЖ-ға күн сайын Келісімде белгіленген нысанда береді.
13. ОАО ААЖ мен БЖЗҚ арасында осы Қағидалардың 5-тармағының 5), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларымен белгіленген мәліметтермен алмасу Келісімде белгіленген нысанда және мерзімдерде жүзеге асырылады.
________________________
2023 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнеақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15629 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 наурыздағы №122 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18395 болып тіркелген).
3. "Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 50 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 наурызда № 22289 болып тіркелген).
4. "Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнеақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27834 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а. 2022 жылғы 12 тамыздағы № 309 бұйрығының 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29125 болып тіркелген).
6. "Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 467 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30671 болып тіркелген).
____________________________________