Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 118 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31304 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны;

      4) тармақша осы қаулының 6-тармағына сәйкес 01.07.2023 дейін қолданыста болды.

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:

      1) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмейтін мерзімде;

      2) тармақша осы қаулының 6-тармағына сәйкес 01.07.2023 дейін қолданыста болды.

      3) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілік есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде;

      4) тоқсан сайын – осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

      3. Мыналардың:

      1) "Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17813 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22309 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасын және 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы және 2-тармағының 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
1-қосымша

Орталық депозитарий есептілігінің тізбесі

      Орталық депозитарийдің есептілігінде:

      1) орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есеп және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;

      2) экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есеп;

      3) акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есеп;

      4) қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есеп қамтылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
2-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есеп және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: МТ_3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20___жылғы "___"__________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: орталық депозитарий

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей

      Нысан

1-кесте. Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ 20__жылғы "___" "___" қолданыстағы мәмілелер.

Тұлғаның атауы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін) не басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Резиденттік елі

Тұлға орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға жатқызылған белгі

Операция түрі

Мәміле мақсаты

Шарттың №

Шарт жасалған күн (талаптарын орындай бастаған күн)

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Барлығы








      кестенің жалғасы:

Шарт қолданысының аяқталу күні (талаптарын орындауды аяқтау күні)

Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі шешімінің не акционерлердің жалпы жиналысының деректемелері (директорлар кеңесі болмаған жағдайда)

Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен)

Валюта түрі

Қамтамасыз ету түрі

Қамтамасыз ету құны (мың теңгемен)

Сыйақы (жылдық пайызбен)

Барлығы

оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарыныңталаптарына сәйкес резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде енгізілетін қамтамасыз ету құны

орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен

орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаның пайдасына орталық депозитариймен

10

11

12

13

14

15

16

17

18



















      кестенің жалғасы:

Сыйақы (жылдық пайызбен)

Есептелген кірістер, шығыстар

Есепті күні ағымдағы қалдық

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес құрылған резервтер (провизиялар) сомасы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі шешімінің не акционерлердің жалпы жиналысының деректемелері (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда)

Ескерту

орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес

Сомасы (мың теңгемен)

Баланстық шот

Сомасы (мың теңгемен)

Баланстық шот

19

20

21

22

23

24

25

26

















      Орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы орталық депозитарийдің меншікті капиталының мөлшерінен жиынтығында 0,01 (нөл бүтін оннан бір) пайыздан аспайтын орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелерінің жалпы сомасы 20__жылғы "__" _____ жағдай бойынша ________ мың теңгені құрайды.

      Орталық депозитарий есепті тоқсанда орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңілдік жағдайлары ұсынылмағанын және орталық депозитарий 1-кестеде көрсетілгендерді қоспағанда, басқа мәмілелерді жүзеге асырмағанын растайды.

2-кесте. 20__жылғы "___" "________" жағдай бойынша орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін) не басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Тұлғаның атауы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

Резиденттік елі

Тұлға орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға жатқызылған белгі

1

2

3

4

5






      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ____________________________________            ________       ________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы       телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________             ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

      Күні 20__ жылғы "______" ______________

  Орталық депозитариймен
ерекше қатынастармен
байланысты тұлғалармен есепті
тоқсан ішінде жасалған, сондай-
ақ есепті күні қолданыстағы
мәмілелер туралы есеп
нысанына және орталық
депозитариймен ерекше
қатынастармен байланысты
тұлғалар тізіліміне
қосымша

"Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есеп және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – МТ_3, кезеңділігі – тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есеп және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды орталық депозитарий тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңде жасалған мәмілелер бойынша, соңдай-ақ есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер бойынша деректерді көрсетеді. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лауазымды тұлғалары және (немесе) олардың жұбайлары мен жақын туыстары ірі қатысушылары не лауазымды тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтерді қоспағанда, Нысанда орталық депозитарийдің орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы барлық мәмілелері туралы (1-кесте) және есепті күні орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар (2-кесте) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Тұлғаның орталық депозитариймен байланысты болуының белгісі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес айқындалады.

      7. Тұлғалардың орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты болуының бір немесе бірнеше белгісі болуы мүмкін және 2-кестені толтыру кезінде барлық белгілері көрсетіледі.

      8. 1-кестеде орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы орталық депозитарийдің меншікті капиталының мөлшерінен жиынтығында 0,01 (нөл бүтін оннан бір) пайыз асатын орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      9. Егер орталық депозитарийдің меншікті капиталының теріс мәні болса, 1-кестеде орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы орталық депозитарий активтерінің мөлшерінен жиынтығында 0,001 (нөл бүтін оннан бір) пайыз асатын орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. 1-кестенің 2-бағанында жеке тұлға үшін тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлға үшін – атауы көрсетіледі.

      11. 1-кестенің 6-бағанында жасалған шарттың талаптарына сәйкес орталық депозитарийдің өзімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен операцияларының түрі көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 14, 15 және 16-бағандарында талаптары қамтамасыз етудің болуын көздейтін мәмілелер бойынша ақпарат көрсетіледі.

      13. 1-кестенің 17, 18, және 19-бағандарында талаптары сыйақы төлеуді көздейтін мәмілелер бойынша ақпарат көрсетіледі.

      14. 1-кестенің 20-бағанында ағымдағы жылдың басынан бері жинақталған есептелген кіріс немесе шығыс сомасы көрсетіледі.

      15. Егер мәміле жасау кезінде тұлға орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлға болмаған болса, 1-кестенің 26-бағанында былай деп көрсетіледі: "тұлға ________ бастап (күні, айы және жылы көрсетіліп күні) орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты болып табылады".

      16. 2-кестеде орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты барлық тұлғалар, оның ішінде мәмілелер жасалмаған тұлғалар көрсетіледі.

      17. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан толтырылмай ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

Экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЭСМБҚОЕ_6

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы "___"____________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: орталық депозитарий

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмей

      Нысан

Кесте. ___ бастап _____ дейінгі кезеңде экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есеп

      (мың теңгемен)

Бағалы қағаздардың түрі, экономика секторлары мен шағын секторлары

Есепті кезеңнің
басындағы қалдық

Сатып алынған

Барлығы

Бастапқы нарықта

Тікелей сатып алумен

Репо операциялары бойынша

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1























n













Бағалы қағаздар барлығы












Экономика секторлары мен шағын секторлары












Бейрезиденттер












Резиденттер - бейрезиденттер жиынтығы












Депоненттер











      кестенің жалғасы:

Сатып алынған

Сатылған

Кепіл операциялары бойынша

Негізгі шотқа есепке жазу

Барлығы

Тікелей сатумен

Репо операциялары бойынша

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

...










      кестенің жалғасы:

Сатылған

Кепіл операциялары бойынша

Кезеңнің соңында кепіл сомасының қалдығы

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық

Өтелген


Есептен шығарылған


Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

Саны (дана)

сомасы

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31











      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ____________________________________ ________ ________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

      Күні 20 ___ жылғы "_____" __________

  Экономика секторлары мен
шағын секторлары бойынша
орталық депозитарийдің есепке
алу жүйесінде мемлекеттік емес
бағалы қағаздармен жүргізілген
операциялар туралы есеп
нысанына
қосымша

"Экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – ЭСМБҚОЕ_6, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды орталық депозитарий ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейiн дөңгелектенеді, 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейiн дөңгелектенеді.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда есепті кезеңде экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен жүргізілген операциялар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Резиденттік белгісі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес айқындалады.

      7. Экономика секторлары бойынша институционалдық бірліктерді сыныптау мақсаттары үшін экономика секторлары мен шағын секторларының мынадай құрылымы және ұғымдары қолданылады:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрліктерді, ведомстволар мен агенттіктерді, ғылыми-зерттеу институттарын, институционалдық бірліктер – Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенттерін, мемлекеттік басқару органдары бақылайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорларды, сондай-ақ мемлекеттің бақылауындағы және нарықтық өндіріспен айналыспайтын басқа ұйымдарды қамтиды;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару органдары облыс, қала және аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бірліктерді және өңірлік (жергілікті) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды қамтиды;

      3) орталық (ұлттық) банктер – қаржы жүйесінің негізгі аспектілеріне бақылау жасайтын институционалдық бірліктер, олардың негізгі қызмет түрлері ұлттық валюталардың эмиссиясы, халықаралық резервтерді басқару, Халықаралық валюта қорымен және басқа халықаралық қаржы ұйымдарымен операцияларды жүзеге асыру, басқа депозиттік корпорацияларға кредит беру болып табылады;

      4) басқа депозиттік ұйымдар – қызметінің негізгі түрі қаржылық делдалдық болып табылатын және міндеттемелері депозит және олардың аналогтары (кең ақша ұлттық анықтамасына кіргізілетін депозиттерді алмастырушылар) нысанында болатын институционалдық бірліктер. Бұл топқа банктер, оның ішінде исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын банктер жатады;

      5) басқа қаржы ұйымдары – әр түрлі делдалдық немесе қосалқы қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын немесе қызметі қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты, бірақ өздері делдалдардың функцияларын орындамайтын осы сектордың барлық қалған институционалдық бірліктері;

      6) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – көбінесе нарықтық өндіріспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақылайтын институционалдық бірліктер;

      7) мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – көбінесе нарықтық өндіріспен және (немесе) қаржылық емес нарықтық қызметтерді көрсетумен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақыламайтын институционалдық бірліктер;

      8) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – тауарлар немесе қызметтер өндіретін, бірақ осындай ұйымдарды бақылайтын институционалдық бірліктерге кіріс немесе өзге қаржылай игіліктер келтірмейтін, тұлғалар қауымдастықтары осы қауымдастықтардың мүшелерін тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету үшін құратын (әдетте мұндай қызметтер ақысыз көрсетіледі немесе тұрақты мүшелік жарналар есебінен қаржыландырылады) немесе қызметінің негізгі түрі қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын институционалдық бірліктер;

      9) үй шаруашылықтары – жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін бiрiктiретiн (толық немесе iшiнара) және тауарлар мен қызметтердiң белгiлi бір түрлерін (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқаларды) бiрлесiп тұтынатын жеке тұлғалардың шағын топтарынан (отбасылардан) құралған институционалдық бiрлiктер. Бұл топқа заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар да жатады.

      8. Қаржы құралдарын біріктірілген есепке алу үшін депоненттің қосалқы шоты (омнибус) бойынша депоненттің бұйрығына сәйкес экономика секторы көрсетіледі.

      9. 3, 29 және 31-бағандарда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде айқындалған бағалы қағаздардың (номиналды, нарықтық немесе шартты) құны көрсетіледі.

      10. 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 25 және 27-бағандарда орталық депозитарий алған бұйрықтарға сәйкес бағалы қағаздардың құны көрсетіледі.

      11. 4 - 15-бағандар аралығында есепті кезеңдегі экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша сатып алынған мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша операциялар көрсетіледі. 14 және 15-бағандар бағалы қағаздарды бір жеке шоттан екіншісіне аударуға байланысты операцияларды да қамтиды.

      12. 16 - 27-бағандар аралығында есепті кезеңдегі экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша Қазақстан Республикасының сатылған мемлекеттік емес бағалы қағаздары көрсетіледі. 24 және 25-бағандар бағалы қағаздарды бір жеке шоттан екіншісіне аударуға байланысты операцияларды да қамтиды.

      13. 29-бағанда кепіл ескерілетін қосалқы шоттың бөлімінде көрсетілген есепті кезеңнің соңында айналыстағы кепіл сомасының қалдығы көрсетіледі.

      14. 4-бағандағы сома 6, 8, 10, 12 және 14-бағандар сомасына тең болады.

      15. 5-бағандағы сома 7, 9, 11, 13 және 15-бағандар сомасына тең болады.

      16. 16-бағандағы сома 18, 20, 22, 24 және 26-бағандар сомасына тең болады.

      17. 17-бағандағы сома 19, 21, 23, 25 және 27-бағандар сомасына тең болады.

      18. 30-бағандағы сома 16-бағандағы соманы шегергенде 2 және 4-бағандар сомасына тең болады.

      19. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан толтырылмай ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша осы қаулының 6-тармағына сәйкес 01.07.2023 дейін қолданыста болды.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

Қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-REG_RD

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы "___"____________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: орталық депозитарий

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей

      Нысан

1-кесте. Заңды тұлғалар мен қаржы құралдарының шығарылымы туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

Жарияланған қаржы құралдарының саны

Орналастырылған қаржы құралдарының саны

Заңды тұлға сатып алған қаржы құралдарының саны

1

2

3

4

5

6







2-кесте. Қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның БСН

Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе қаржы құралын ұстаушы – заңды тұлғаның атауы

Жеке, заңды тұлға

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Жеке немесе заңды тұлғаның жеке коды (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы:

Қаржы құралдарын ұстаушының түрі

Резиденттік елі

Қаржы құралдарының түрі

Қаржы құралының сәйкестендірушісі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) немесе бас сәйкестендіру қаржы құралы көрсетіледі)

атауы

елдің коды

оффшорлық аймақ (иә, жоқ)

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы:

Қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотындағы қаржы құралдарының саны

Қаржы құралдарын ұстаушыға тиесілі қаржы құралдар санының заңды тұлға қаржы құралдарының санына арақатынасы (пайызбен)

Қосымша мәліметтер

барлығы

оның ішінде:

ауыртпалық салынған қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотындағы қаржы құралдарының саны

қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотында бұғатталған қаржы құралдарының саны

қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотында сенімгерлік басқаруға берілген қаржы құралдарының саны

барлығы

дауыс беретін

орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынған қаржы құралдарын шегергенде)

14

15

16

17

18

19

20

21









3-кесте. Ауыртпалық салынған, бұғатталған, сенімгерлік басқаруға берілген немесе репо операцияларының мәні болып табылатын қаржы құралдары бойынша мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның БСН

Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе қаржы құралын ұстаушы-заңды тұлғаның атауы

ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Жеке немесе заңды тұлғаның жеке коды (бар болса)

Қаржы құралының сәйкестендірушісі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) немесе бас сәйкестендіру қаржы құралы көрсетіледі)

Қаржы құралдар саны

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы:

Мәртебесі

Пайдасына ауыртпалық салынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы

ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Жеке немесе заңды тұлғаның жеке коды (бар болса)

Сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы

ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Жеке немесе заңды тұлғаның жеке коды (бар болса)

Негізі

9

10

11

12

13

14

15

16









4-кесте. Заңды тұлғаның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы есеп

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның БСН

Құрал түрі

Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) (бар болса)

Мәміле түрі

Қаржы құралдар саны

Бір қаржы құралының құны

Мәміле көлемі (теңге)

Қаржы құралының иесі

валюта түрі

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы:

Қаржы құрал иесінің ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Жеке немесе заңды тұлғаның жеке коды (операцияларды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу кезінде)

Қаржы құрал иесінің резиденттік елі

атауы

ел коды

12

13

14

15





      кестенің жалғасы:

Контрәріптес

Контрәріптестің ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Жеке немесе заңды тұлғаның жеке коды (операцияларды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу кезінде)

Қаржы құралының контрәріптесінің резиденттік елі

Мәмілені тіркеу күні

Ескертпе

атауы

ел коды

16

17

18

19

20

21

22








      Атауы _______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ____________________________________ ________ _________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ____________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Күні 20__ жылғы "______" ______________

  Қаржы құралдарын ұстаушылар
тізілімі туралы есеп нысанына
қосымша

"Қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – 1-REG_RD, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды орталық депозитарий ай сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасайды.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан мынадай қаржы ұйымдары мен заңды тұлғалардың:

      1) екінші деңгейдегі банктердің және банк холдингтерінің;

      2) айрықша қызмет түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды, айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем карточкаларымен операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банк қызметі бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсететін ұйымдардың;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру холдингтерінің;

      4) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың;

      5) акционерлік инвестициялық қорлардың;

      6) жабық инвестициялық пай қорларының;

      7) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың орналастырылған бағалы қағаздардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін қаржы құралдарының ipi қатысушылары және (немесе) ұстаушылары болып табылатын заңды тұлғалардың,

      8) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның құралдарын (акцияларын, пайларын, қатысу үлестерін) ұстаушылардың құрылымын ашады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты мәліметтер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде болған кезде толтырылады.

      6. Нысан 5-тармақта көрсетілген қаржы ұйымдарының әрбір түрі бойынша жеке-жеке толтырылады.

      7. 1-кестеде заңды тұлғаның атауы, БСН, сондай-ақ заңды тұлғаның жарияланған, орналастырылған және сатып алынған қаржы құралдарының саны көрсетіледі.

      8. 2-кесте бойынша:

      1) 4-бағанда қаржы құралдары номиналды ұстауда тұрған және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер бар меншік иелері туралы ақпаратты жария етуді ескере отырып, қаржы құралының меншік иесі көрсетіледі.

      Қаржы құралдары номиналды ұстауда тұрған меншік иелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кестеде қаржы құралының номиналды ұстаушысы туралы мәліметтерді толтыру қажет;

      2) 5-бағанда азаматтық құқық субъектісі: жеке немесе заңды тұлға көрсетіледі;

      3) 6-бағанда қаржы құралын ұстаушысының (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы құралын ұстаушысының ЖСН, БСН толтыру міндетті;

      4) 8-бағанда қаржы құралын ұстаушысының түрі: меншік иесі немесе номиналды ұстаушы екендігі көрсетіледі;

      5) 9 және 10-бағандарда елдердің атауы және коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      6) 11-бағанда мәліметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес айқындалады.

      7) 12-бағанда қаржы құралының түрі: акция, пай, қатысу үлесі көрсетіледі;

      8) 21-бағанда қаржы құралын ұстаушысы құжатының деректемелері, тіркелген жері және құрал ұстаушының тұрғылықты жері (не тұрған жері) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      9. 3-кестеде есепті күні 2-кестеге сәйкес ауыртпалық салынған, бұғатталған немесе сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаның барлық қаржы құралдары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      10. 3-кесте бойынша:

      1) 9-бағанда мынадай символдар пайдаланылады:

      "1" – Заңды тұлғаның ауыртпалық салынған қаржы құралдары туралы мәліметтер;

      "2" – Заңды тұлғаның бұғатталған қаржы құралдары туралы мәліметтер;

      "3" – Заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруға берілген қаржы құралдары туралы мәліметтер;

      "4" – репо операцияларының мәні болып табылатын қаржы құралдары бойынша мәліметтер;

      2) 10 және 11-бағандарда пайдасына ауыртпалық салынған немесе репо операциясының контрагенті болып табылатын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы, ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) көрсетіледі;

      3) 13 және 14-бағандарда пайдасына сенімгерлік басқаруға беру жүзеге асырылған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы, ЖСН, БСН не өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) көрсетіледі;

      4) 16-бағанда растайтын құжаттардың атауы мен деректемелерін көрсете отырып, ауыртпалық салу, бұғаттау және сенімгерлік басқаруға беру және репо операцияларының негіздері көрсетіледі.

      11. 4-кесте бойынша:

      1) 2-бағанда қаржы құралдарымен мәмілелер жасалған заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      2) 6-бағанда мәміленің түрі (репо ашу және жабу операцияларын қоспағанда, сатып алу, сату және өзге де мәмілелер) көрсетіледі;

      3) 7-бағанда мәміле жүргізілген қаржы құралдарының саны көрсетіледі;

      4) 8 және 9-бағандарда мәміленің тиісті валютасында мәміле жүргізілген валютаның түрі және бір қаржы құралының құны көрсетіледі;

      5) 10-бағанда мәмілелер көлемі (теңгемен) көрсетіледі;

      6) 11-бағанда қаржы құралдары есептен шығарылған жеке шоттың иесі көрсетіледі. Заңды тұлғалар бойынша заңды тұлғаның атауы көрсетіледі. Жеке тұлғалар бойынша тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіледі;

      7) 14 және 15-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке шотынан қаржы құралдары есептен шығарылған қаржы құралын ұстаушының атауы мен резиденттік елінің коды көрсетіледі;

      8) 16-бағанда жеке шотына қаржы құралдар есепке алынған контрәріптес көрсетіледі. Заңды тұлғалар бойынша заңды тұлғаның атауы көрсетіледі. Жеке тұлғалар бойынша тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіледі;

      9) 19 және 20-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін көрсетуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке шотына қаржы құралдары есепке алынған тіркелген тұлғаның атауы мен резиденттік елінің коды көрсетіледі;

      10) 21-бағанда мәміленің тіркелген күні "жжжж.кк.аа" форматында көрсетіледі.

      4-кестеде репо ашу және жабу операциялары бойынша деректерді қоспағанда, тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) қаржы құралдарын есептен шығару (есепке алу) мәмілелері бойынша деректер көрсетіледі.

      12. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан толтырылмай ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
6-қосымша

Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі

      2. Орталық депозитарий есептілікті "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта ұсынады.

      3. Орталық депозитарийдің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.

      4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін орталық депозитарийдің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.

      5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады