Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 23/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 мамырда № 28263 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген), Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 30.03.2023 № 15/07 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Балқаш қаласының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) мүгедектігі бар балалар;

      2) бірінші,екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      3) аутистік спектрінің бұзылуы бар балалар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 30.03.2023 № 15/07 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады