"Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Балқаш қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 23/01 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 15/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 сәуірде № 6374-09 болып тіркелді

      Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №23/01 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28263 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген), Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) мүгедектігі бар балалар;";

      "2) бірінші,екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) аутистік спектрінің бұзылуы бар балалар.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімінің міндетін атқарушысы Т. Айдарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады