Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 28-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
2 тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат хатшысы | А. Хоршат |