Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Зырян ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-154 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505 - бабы, 509 – бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.";
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.".
шешімнің 1, 2- қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |
Алтай ауданының мәслихатының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 20/7-VII шешіміне 1 - қосымша |
|
Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешіміне 1- қосымша |
Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р / с | Автотұрақтар (паркингтер) | Санаттар |
1 | Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар (паркингтер), шатырмен жабылмаған автотұрақтар (паркингтер) | 1- санат |
2 | Басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғастыра салынған автотұрақтар ( паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар | 2- санат |
3 | Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цокольды немесе төменгі жерүсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер) | 3- санат |
Алтай ауданының мәслихатының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 20/7-VII шешіміне 2 - қосымша |
|
Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешіміне 2- қосымша |
Алтай ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№ р / с | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы | ||
Аудандық маңызы бар қалалар (Алтай қаласы, Серебрянск қаласы) | Кенттер | Ауылдар | |||
1 | 1- санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 10 есе |
2 | 2- санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 9 есе |
3 | 3- санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 8 есе |