Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505 - бабы, 509 – бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. "Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3635 тіркелген, "Көктас таңы" газетінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Зиннуров |
Зырян ауданының мәслихат хатшысы |
Л. Гречушникова |
Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешіміне 1- қосымша |
Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р / с | Автотұрақтар (паркингтер) | Санаттар |
1 | Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар (паркингтер), шатырмен жабылмаған автотұрақтар (паркингтер) | 1- санат |
2 | Басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғастыра салынған автотұрақтар ( паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар | 2- санат |
3 | Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цокольды немесе төменгі жерүсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер) | 3- санат |
Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешіміне 2- қосымша |
Алтай ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 09.09.2022 № 20/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р / с | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы | ||
Аудандық маңызы бар қалалар (Алтай қаласы, Серебрянск қаласы) | Кенттер | Ауылдар | |||
1 | 1- санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 10 есе |
2 | 2- санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 9 есе |
3 | 3- санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 8 есе |