Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Қалғұты ауылдық округінің Ақши, Егіндібұлақ ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округінің Ақши ауылындағы атаусыз көшесіне Ақжал көшесі деп атау берілсін.

      2. Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы атаусыз көшесіне Аққайнар көшесі деп атау берілсін.

      3. "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі Е. Мухтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады