"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31976 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 03.03.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) тармақшасына, 16-бабының 4-тармағына және 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1) Мыналар:

      1) "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім нысаны 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша

"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5, 16, 17, 18 және 19-баптарын іске асыру үшін әзірленді және "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, борышкер).

      3. "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      5. Заңның 5-бабына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы борышкердің арызы (бұдан әрі – Арыз) осы бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген нысанда күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:

      1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;

      2) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелері бойынша осындай өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы;

      3) борышкерге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі;

      4) өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмауы шарттарына сәйкес келуі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беру үшін негіз болып табылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

      Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      6. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

      3) уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы (бұдан әрі – веб-қосымша) арқылы жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Өтінішті және мынадай құжаттарды:

      1) осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Өтінішке қосымшаға сәйкес кредиторлардың атауы, берешек сомасы, тұрған жері көрсетілген тізімді;

      2) банктік қарыздың шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік қарызы шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы оның себептерінің уәжді негіздемесі көрсетілген жауаптары осы тармақшада көрсетілген рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

      Екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым борышкердің арызына жауап бермеген жағдайда, борышкердің арызының көшірмесі немесе арыздың электрондық форматта екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға жіберілгені туралы растама осы тармақшада көзделген рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжат болып табылады.

      Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағымен көзделген құжаттардың толық пакетін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы, мониторингтік ақпараттық жүйесімен иеленген штрих-кодымен қолхатты береді, онда қабылданған құжаттардың тізбесі, Өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), Өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетіледі

      Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 7-тармағымен көзделген құжаттардың толық пакетін портал және (немесе) веб-қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 7-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес пакетін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 7-тармағында көзделген мән-жайларға сәйкес келген кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде порталда орналастырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша қызметті алушы туралы мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырады немесе осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады:

      1) портал және (немесе) веб-қосымша арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электронды-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қойылған қағаз жеткізгіште береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.

      Заңның 16-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті қайтадан береді.

      10. Соттан тыс банкроттық рәсімі, Заңнын 18-бабына сәйкес егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация және (немесе) портал, веб-қосымша арқылы өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе 30 (отыз) пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретініне не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасқанына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті берсе;

      2) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;

      3) көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе;

      4) Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген басқа кредиторлардың болу фактілері анықталып, соның салдарынан берешектің жалпы сомасы осы Қағидалардың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген сомадан асып түсетін болса, тоқтатылады.

      11. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату ӘРПК-нің 79-бабының талаптарын сақтай отырып, көрсетілетін қызметті беруші осындай рәсімнің тоқтатылғаны туралы хабардандыруды порталда орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

      12. Заңның 18-бабына сәйкес соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және көрсетілетін қызметті алушыны банкрот деп тану туралы шешімді осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарады және порталда орналастырылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсетушімен:

      мемлекеттік қызметті алушының портал және (немесе) веб-қосымшадағы "жеке кабинетіне";

      Мемлекеттік корпорацияға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген кезде:

      Мемлекеттік корпорация мерзімінде талап етілмеген құжаттардың 1 (бір) ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша талап етілмеген құжаттардың мерзімінде сақталуын қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуші техникалық ақаулар табылған сәттен бастап дереу бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы, мемлекеттік қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе авторизациялау сәтінен бастап қате туындаған сәтке дейін қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (операторды) хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны әкімшілік істі және шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Егер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Соттан тыс банкроттық
рәсімін қолдану" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету әдістері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы – қағаз жеткізгіште;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы – электрондық форматта;
3) уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы (бұдан әрі – веб-қосымша) арқылы – электрондық форматта.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды;
2) көрсетілетін қызметті берушімен соттан тыс банкроттық рәсімін өткізу мерзімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту борышкер туралы мәліметті порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)/ қағазда

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту;
2) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны өндіру тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Меркелер туралы Заңға сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асыралады, электрондық кезекті брондауға болады;
3) портал және веб-қосымша – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Еңбек кодексіне және Мереке туралы Заңға сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары интернет-ресурста орналастырған:
1) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz;
2) портал www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы борышкердің өтініші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Өтініш);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Өтінішке қосымшаға сәйкес кредиторлардың тізімі атауын, берешек сомасын, тұрған жерін көрсете отырып;
3) банктік қарыздың шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Портал және (немесе) веб-қосымшада:
1) Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы борышкердің өтініші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Өтініш);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Өтінішке қосымшаға сәйкес кредиторлардың тізімі атауын, берешек сомасын, тұрған жерін көрсете отырып;
3) банктік қарыздың шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген жағдайларға сәйкес келмеген кезде.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан, көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік қызметі көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып, 1414 Біріңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде) жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс-орталығының порталында "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Сандық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Соттан тыс банкроттық
рәсімін қолдану" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы ӨТІНІШ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________________________________________ (телефон)

      Осы арызбен:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес менің 20__ жылғы ______ №__ арызыммен бастамашылық етілген соттан тыс банкроттық рәсімін ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтатуға өтінішті беруге

      негіз болған себептің сипаттамасы)

      себеп бойынша тоқтатуды өтінемін.

      ___________________________                              _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты                                     (қолы, күні/

      (бар болған жағдайда)                                     электрондық-

      цифрлық

      қолтаңбадан

      деректер

      (бұдан әрі – ЭЦҚ),

      ЭЦҚ-мен қол

      қойылған

      күні және уақыты

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
- Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы ӨТІНІШІ

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)














________________________________________________________________________________ (тұрғылықты жері бойынша мекен-жайы/тіркелген жері – облысы, аудан (қала), елді мекен (село және тағы басқа), көше (даңғыл, қысқа көше), үй, пәтер)

Жолдасының ЖСН-і:














      Өтінішке қосымшаға сәйкес кредиторлар туралы мәліметтер.

      Мен растаймын:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген соттан тыс тәртіппен азаматты банкрот деп тану туралы өтініш беру шарттарына сәйкес келетінімді, атап айтқанда:

      1) менің міндеттемелерім республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туалы өтініш берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығымда мүлік жоқ;

      3) өтініш берілген күнге қатарынан 12 (он екі) ай бойы өтеу төлеген жоқпын.

      4) борышкерге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарты бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілді.

      Қосымша мәліметтер:

      1) соңғы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушымын;

      2) міндеттемелерді орындамау мерзімі 5 (бес) жылдан асты.

      Мен хабардармын:

      мәліметтер "электрондық үкімет" порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталады:

      1) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;

      2) өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;

      3) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;

      4) жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына тыйым салынады;

      5) уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;

      6) банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейді;

      7) соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      8) банкроттық рәсімі қолданылғанға дейін 3 (үш) жыл ішінде және банкроттық рәсімін қолдану барысында маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізілетіні туралы хабарландым.

      Салдарлар туралы білемін:

      1) 5 (бес) жыл ішінде қарыз берілмейді;

      2) мені банкрот деп танығаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізіледі.

      Мен осы өтініште берілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптымын.

      Мобильді азаматтар базасында (МАБ) көрсетілген телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы менің өтінішім бойынша қабылданған шешім туралы хабарламаға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жұбайының (зайыбының) келісімін алу үшін Мобильді азаматтар базасында көрсетілген телефон нөміріне жұбайыма (зайыбыма) sms-хабарлама жіберуге келісім беремін.

      ______________________________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   (қолы, күні/

      электрондық-

      цифрлық

      қолтаңбадан

      деректер

      (бұдан әрі – ЭЦҚ),

      ЭЦҚ-мен қол қойылған

      күні және уақыты)

өтініш беру күні
















тұрғылықты жері бойынша
мемлекеттік кірістер органдарының коды








      Өтінішке қоса берілетін оның ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттар тізімі:

      1) осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Өтінішке қосымшаға сәйкес кредиторлардың атауы, берешек сомасы, тұрған жері көрсетілген тізімді;

      2) банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі.

      ___________________________________________________ ________________

      (арызды қабылдаған лауазымды тұлғаның                   (қолы, күні/

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   электрондық-

      цифрлық

      қолтаңбадан

      деректер

      (бұдан әрі – ЭЦҚ),

      ЭЦҚ-мен

      қол қойылған

      күні және уақыты)

өтінішті қабылдау күні
















құжаттың кіріс нөмірі
















      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Сіз электрондық құжаттың түпнұсқалығын tazalau.qoldau.kz, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасынан тексере аласыз.

  Борышкердің соттан тыс
банкроттық рәсімін қолдану
туралы өтінішіне
қосымша

№ р/с

Кредитордың
атауы (екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер)

Кредитордың
бизнес-
сәйкестендіру
нөмірі (БСН)

Берешектің
сомасы
(теңгеде)

Мерзімі
өткен
берешектің
құрылған күні (шамамен)

Кредитордың тұрған жері

1






2






3






4






5






6






7






8






9






10






  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің 2023 жылғы
28 ақпандағы № 218 бұйрығына
3-қосымша
  нысан



Соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      Сіздің 20__ "__" _______ №___ өтінішіңізге, Сізге қатысты соттан тыс банкроттық

      рәсімін қолдануға мынадай себептер бойынша: __________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ___________________________________ бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.

      Борышкер "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтадан беруге құқылы.

      _______________________________________                  ______________

      (мемлекеттік кірістер                                     (қолы, күні/

      органдарының лауазымды                                     электрондық-

      тұлғасының лауазымы                                     цифрлық

      тегі, аты, әкесінің аты                                     қолтаңбадан

      (бар болған жағдайда)                                     деректер

      (бұдан әрі – ЭЦҚ),

      ЭЦҚ-мен қол

      қойылған

      күні және уақыты)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-
Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
4-қосымша
  нысан



Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы ШЕШІМ

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ______________________ бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ___________ Мемлекеттік кірістер басқармасы

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      қатысты соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарлайды.

      _______________________________________                   __________________

      (мемлекеттік кірістер                                     (қолы, күні/

      органдарының лауазымды                                     электрондық-

      тұлғасының лауазымы                                     цифрлық

      тегі, аты, әкесінің аты                                     қолтаңбадан

      (бар болған жағдайда)                                     деректер

      (бұдан әрі – ЭЦҚ),

      ЭЦҚ-мен қол

      қойылған күні

      және уақыты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады