"Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 сәуірде № 32262 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31799 болып тіркелген) қолданылуы 2023 жылғы 28 сәуірге дейін (қоса есептегенде) тоқтатыла тұрсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады