"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32937 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін, сондай-ақ ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірленеді:

      1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:

      жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператордың сатып алуына жоспарланатын тауарлық газ бағалары;

      жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланатын тауарлық газ бағалары;

      жоспарланған кезеңге арналған импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланатын тауарлық газ бағалары;

      2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды сатып алынатын жерден облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;

      3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;

      4) мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және Заңның 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесіне (бұдан әрі – инвестициялық жобалардың тізбесі) енгізілген өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, сондай-ақ электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының 7 % мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;

      5) одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының 0 % мөлшерінде жоспарланатын кезеңге арналған рентабельділік нормалары.

      Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бірінші жылға мынадай формула бойынша есептеледі:

      РІКТ1 = СР * 1,2

      мұнда,

      РІКТ1 – ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің бірінші жылға арналған шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге;

      СР – осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген орташа өлшемденген мәндердің жиынтығы, мың текше метр үшін теңге;

      1,2 – уәкілетті орган қолданатын есептеу коэффициенті.

      Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы әрбір келесі жылға мынадай формула бойынша есептеледі:

      РІКТ = РІКТn *r

      мұнда,

      РІКТ – Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің келесі жылдарға арналған шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге.

      РІКТn – өткен жылы ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге;

      r – 1,2 – 1,75 шегіндегі есептеу коэффициенті, оны уәкілетті орган экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі төрт жылдық кезеңде қол жеткізілгенге дейін, алдыңғы күнтізбелік жылға көтерме саудада өткізудің бекітілген шекті бағасының деңгейін ескере отырып қолданатын болады.

      Экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      РНАРЫҚ = РЭКСПОРТ – ТЭКСПОРТ + ТІШКІ НАРЫҚ

      мұнда,

      РНАРЫҚ – экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, мың текше метр үшін теңге;

      РЭКСПОРТ – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жыл бойынша орташа өлшенген экспорттық бағасы, мың текше метр үшін теңге;

      ТЭКСПОРТ – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, тауарлық газды магистральдық газ құбырлары жүйесі бойынша жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасымен шекараға дейін тасымалдауға арналған шығыстар, мың текше метр үшін теңге;

      ТІШКІ НАРЫҚ – табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес анықталатын тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау шығындары, бір мың текше метр үшін теңге.

      Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қолданылады.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде он бес пайыздан астамға ұлғайтуды көздей алмайды.

      Осы тармақтың ережелері өнеркәсіптік тұтынушылар-инвесторларға, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің, сондай-ақ ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларына қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ‘нергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады